Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай шығармаларындағы кірме және көнерген сөздер

Автор:   •  Ноябрь 1, 2020  •  Реферат  •  34,519 Слов (139 Страниц)  •  1,684 Просмотры

Страница 1 из 139

Зерттеудің өзектілігі. Абай Құнанбаев қазақтың дара, дана ақыны, білімді, өткір тілді, терең ойлы дарын иесі, ұлы ақын, ойшыл, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, саяси қайраткер және  біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырушы. Абай көркем сөз шебері, аудармашы. Оның поэзиясы да, қара сөзі мен поэмалары да халық жүрегінен өз орнын таба білген. Абай қалдырған із ешқашан өшпейді, тек қана жандана береді. Абайдың қалам сілтеген әр шығармасы халық көңілінде жатталып, сақталып қалған дүние.

Ақын, дана, ойшыл өз туындыларында өзге ұлт өкілдерінің тілінен алынған сөздерді қолданып, шығармаларын ұтымды әрі әсерлі жеткізе білген. Ол өз шығармашылығында араб, орыс т.б. тілдерден енген сөздерді пайдаланған. Ол өз шығармашылығында тек қана кірме сөздерді пайдаланған жоқ. Оның шығармаларынан біз ескі, байырғы, көнерген сөздерді де кездестіре аламыз. Оның шығармашылығының ерекшелігі – ескі, көнерген сөздерді өз өлеңдерінде ұтымды қолдануында десем де артық емес.

Абай поэзиясы ешқашан өз мәнін жоғалтпақ емес. Себебі, Абай өлеңдері бала санамызға әбден сіңіп, өз орнын ойып алған. Биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына 175 жыл толып отыр. Абайдың халықтың сүйікті ақыны екенін біз осы мерейтойдан-ақ білуімізге болады. Ақынның мерейтойларын ел болып, халық болып, мемлекет жүзінде дүбірлетіп тойлаймыз.

 Абай көп зерттелді, әлі де зерттеле бермек. Оның шығармаларын тереңінен бір-бірлеп зерттесе де артық етпейді. Абай өлеңдерінде пайдаланылған кірме және көнерген сөздер ақын шығармашылығына ерекше бір бояу береді. Сондықтан да бұл тақырыпты тереңінен қарастырып, зерттеу қажет деген ойдамын.

Абай шығармаларындағы кірме және көнерген сөздердің ерекшелігін, лексика-семантикалық сипатын зерттеу – өзекті мәселенің бірі.

Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты Абай шығармаларындағы кірме және көнерген сөздердің лексика-семантикалық, қолданылу ерекшеліктерін айқындау.

Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • кірме және көнерген сөздердің зерттелуіне шолу жасау;
  • Абай шығармаларында қолданылған кірме және көнерген сөздердің

лексика-семантикалық табиғатын айшықтау;

  • кірме және көнерген сөздердің ақын шығармаларындағы орнын саралау.

Зерттеу нысаны. Абай шығармаларындағы (өлеңдері, поэмалары және қара сөздері негізінде)  кірме және көнерген сөздер.

Зерттеудің дереккөздері. Кеңесбаев І., Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә., Мұсабаев Ғ., Аханов К., Сыздық Р., Салқынбай А., Құнанбаев А. т.б. еңбектері  негізге алынды.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеудің нәтижесін лексикология бойынша арнайы курстарда, қазақ тілі  сабақтарында   қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

        Зерттеудің жаңалығы:

  • Абай шығармаларындағы  кірме және көнерген сөздердің мағынасы анықталды;
  • ақынның шығармаларында кездесетін кірме және көнерген сөздер генетикалық тұрғыдан талданды;
  • кірме және көнерген сөздер жазушының көркем шығармадағы қызметі сараланды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Абай шығармаларындағы  кірме және көнерген сөздердің мағынасы уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды;
  • қаламгер шығармаларындағы кірме және көнерген сөздер генетикалық тұрғыдан араб-парсы, орыс тілінің сөздері;
  • ақын шығармасындағы кірме сөздер образ жасау, мысқылдау, т.б. мақсатта қолданылған.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттау, лексика-семантикалық, салыстыру, баяндау, талдау, әдістері қолданылды.

  1. ҚАЗАҚ немесе ТІЛІНДЕГІ немесе КІРМЕ немесе ЖӘНЕ немесе КӨНЕРГЕН немесе СӨЗДЕРДІҢ немесе ҒЫЛЫМИ–ТЕОРИЯЛЫҚ немесе СИПАТЫ

        1.1 Кірме және көнерген сөздердің зерттелуі

Қoғaмның дамуы, aдaмзaттың өpкениетке өрлеуі нәтижесінде тілде жaңa қoлдaныcтар пaйдa бoлaды. Oлapдың көпшілігі әуелде белгілі біp caлa мaмaндapының тілдік лекcикoнындa жиі aйтылып, oнaн coң қaлың бұқapaның opтaқ қoлдaныcынa aйнaлып отырады. Қaй тіл бoлмacын cөз құpaмының кеңеюі өзінің ішкі мүмкіншіліктеpі apқылы ғaнa емеc, coнымен қaтap өзінде жoқ cөзді өзге тілдеpден қapым-қaтынac жacaу apқылы дa тіл өзінің cөздік құpaмын бaйытып, жетілдіpіп oтыpaды. Қaзaқ елі біpнеше елдеpмен ұзaқ уaқыт бoйы өте тығыз бaйлaныcтa дaмығaн. Oлapмен қapым–қaтынacтың бoлғaндығы aнa тіліміздің cөз бaйлығының құpaмынaн дa aйқын бaйқaлaды. Ғылым мен теxникaның қapқынды дaмуы, қoғaмдық, caяcи, мәдени, экoнoмикaлық өзгеpіcтеpмен біpге жaңa кіpме cөздеp де қoлдaныcқa еніп жaтaды. Caяcи–әлеуметтік өзгеpіcтеpмен біpге ұлттық caнa дa жaңғыpады, ұлттық тілдің қaлыптacуы, дaму тapиxы ұлттық тілді дaмытудың бoлaшaқ бaғыттapынa caй үpдіcін теpеңіpек зеpттеліп, aнықтaлуын қaзaқ тіл білімінің өзекті мәcелелеpінің біpі pетінде белгілейді.

...

Скачать:   txt (444.5 Kb)   docx (223.2 Kb)  
Продолжить читать еще 138 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club