Паразит сөздер ауру шақырады
Автор: balshyryn2004 • Сентябрь 16, 2018 • Реферат • 585 Слов (3 Страниц) • 1,174 Просмотры
Паразит сөздер ауру шақырады
Адамның аузынан шыққан әрбір сөз айналасындағы адамдарға ғана емес, өз өмірі мен денсаулығына да әсер етеді екен. Әсіресе, қуанып немесе ашуланып эмоциональді күйде айтылған сөзінің қуаты орасан болады.
Мысалы, сізге мынау сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер таныс па? "Миымды ашытып жіберді", "Жүрегіме ауыр тиді", "Оның әдеттерінен тойып кеттім", "Пәленшені көргім келмейді", "Қанымды ішті", "Жүйкемді тоздырды", "Ол туралы айтпашы құсқым келеді", "Оның әр сөзі жүрегіме пышақ сұққандай, орны әлі жазылған жоқ, кешіре алмаймын", "Бейбақпын, әншейін жүрген тірі өлікпін". Осындай сөздер айтылған кезде бақытсыздықтың, аурулардың дәні санада егіледі екен. Сөйтеді де, ол біртіндеп өсе бастайды. Осы сөздердің қайсысын көбірек айтқан сайын, сол сөзіңіз арқылы егілген теріс қуат күшейе түседі. Мысалы, "Мойныма мініп алған ғой, мен асырап жатырмын", "Қайынсіңлім де бір ауыр жүк болды ғой бізге", "Кішкентай балам аяғыма тұсау боп тұр, әйтпесе мен де жұмыс істер едім" деген сөздер остеохондроз, сүйек, буын ауруларын туындатады. "Басымды ауыртпашы", "Өмірдің түк қызығы жоқ" деген тектес сөздер мигрень, басқа да бас ауруларын "түртіп оятады". "Көргім келмейді", "Көрсем көзім шықсын" деген сөзді айтқан сайын жанарыңыздың қуаты кеми бастайды, көру қабілеті нашарлайды. Сіз осылай көз ауруларын өзіңіз тілеп аласыз. Инфаркт, жүрек ауруларының басталуына "Не нәрсені де жүрегіме жақын қабылдайтын адаммын", "Сол күндерді ойласам жүрегім ауырады" деген сияқты сөздер себеп болады. "Түу, пәленше туралы естігім келмейді" дегенді жиі айту есту мүшесінің жұмысын төмендетеді. Бұл менің ойдан құрған болжамым емес. Медицина мамандарының, оқымыстылардың қаншама жыл сарп еткен зерттеулерінің айғағы. Метафизик оқымыстыларының бірі "Қалай сөйлейміз - солай өмір сүреміз" дейді. Бұл туралы неміс психотерапевті Пезешкиан да "Әр адам сөйлеген сөзіне қарай өмірін құрады" деп жазады. Әр сөзіміз тәнге бұйрық, тапсырма береді екен. "Түрі құрсын","Сорлы" бұл сөздерді сіз біреуге арнап айтсаңыз да, ол сөз сіздің ауызыңыздан шыққандықтан тән оны орындайды. Тән сіздің кім туралы айтып жатқаныңызды ұқпайды."Тән -ақымақ"деп сондықтан айтқан. Тәнде ақыл-ес жоқ, ол - адам жанының мекені ғана. Жанның дүниедегі тіршілігін атқаруға мүмкіндік беретін физикалық денесі ғана. Ол жанның бұйрығын орындаушы ғана. Тән көңіл күйге және миға бағынып, айтқанын бұлжытпай орындайтынына сенбейсіз бе?
...