Медиатор – келіссөздер шебері
Автор: Asiok • Ноябрь 4, 2022 • Эссе • 765 Слов (4 Страниц) • 863 Просмотры
Сайынова Гульназ
Аманжоловна
8-сынып оқушысы
Медиатор – келіссөздер шебері
Медиатор деген кім? Немесе не? Алдымен осы сұрақтардың жауабын анықтап алған дұрыс болар-ау, сірә...? Ғаламтордан қарап білмес бұрын, мен де өз-өзіме осы сұрақты қойған болатынмын. Сайып келгенде, көпшілігі біле бермейтін, көпшілігі түсіне бермейтін «медиатор» термині мамандық атауы екен. Біле бермейтіндігі хақ та болар, елімізде бұл саланың бастау алғанына көп уақыт та болмапты. 2011 жылы қабылданған заң негізінде өз жұмысын бастаған медиаторлар неге көптің аузында айтылмаған екен? Әлде өз дәрежесінде жұмыс көрініс таппағаны ма? Жоқ, әрине! Олай ойлау қате пікір. Оның айқын дәлелі – ағам мен жеңгем. Яғни медиаторлардың мақсаты: әртүрлі сала бойынша азаматтарды бір бітімге келуіне ықпал етіп, мәселені екі жаққа да тиімді тәсілмен шешу.
Кезіндегі би-шешендеріміз Аяз, Майқы, Жиренше шешендерден бастау алған сөзге тоқтата білу қабілеті Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен толығып, бүгін де «медиатор» атты жаңа мамандықпен орнын тапқаны көз қуантарлық жәйт. Елімізде болып жатқан түрлі жағдайлар, соның ішінде, отбасындағы келеңсіздіктер, мүлік теңсіздігі, бала тәрбиесіндегі олқылықтарды екі тараптың мүдделерін ескере отырып, қолайлы шешім қабылдауға ықпал жасайтын медиаторларды «келіссөздер шебері» деп атамасқа болмас. Тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті сөз, бұра тартпас дәлелмен сендіретін білімді сөз, оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің түйінін түйетін терең мағыналы сөз – осының барлығы медиатор бойында болса, кезіндегі би-шешендеріміздің ізін жалғар нағыз дарын иесі болары анық.
Ұлт әдебиетін ұлықтау, ана тіліміздің қасиетін сезіну менің Қазақстан атты елде тұрып жатқан, қазақ тілді оқушы ретіндегі парызым. Туған әдебиетке деген, оның інжу-маржандарына деген қызығушылық, сүйіспеншілік мені сөз құдіретіне терең үңілуге, сөз қасиетін пайымдауға жетеледі. Ұстазымның да әсері болар, әркез ойға түйген сабақтарымен бөлісіп отырады. Сөзге қосқан соның бір парасын баяндап берейін, сіз де хабардар болыңыз...
«...Жұбанның елі Тайпақ өңірінде Тасқали деген ақсақалды білмейтін жан болмас, сірә...? Ауылда ас беру рәсімі Тасқали атасыз өтпейтін. Әркез өз төңірегін адамға толтырып, әңгіменің майын тамызып, суын ішіп, айналасындағы адамдарды үйір қылып жанынан шыққызбай қоятын.» Ұстазымның айтқан әр әңгімесінен, ол атаның сөздері туралы ести отырып, олардың мазмұнына, тапқырлығына, сөздерінің құндылығына ерекше назар аудара бастадым. Сөз құдыреті мені өз иіріміне тарта берді. Мен осы ауыл қариясы айтқан сөздердің шешендік сөз екенін кейін, яғни осы тақырып қолыма тигенде ғана байқап, пайымдадым.
Қарапайым ғана қазақ шалы – халық басына төнген қатер, қиындықтың бәрін жұртпен бірдей көрген. Аталы сөздерімен айналасына ақыл дәнін сепкен қариялардың сөздеріне ден қою, зерттеу – бүгінгі ұрпақ еншісі.
Мен осы эссе тақырыбын негізге алып, осы кісінің айтқан астарлы сөз, алғыр ойларын тақырыпты ашу мақсатында жүйелеуге, жіктеуге тырыстым.
«...Ел болғасын тентегі мен телісі де болатыны белгілі. Бір күні ерлі – зайыпты екеудің «айырылысамыз» деген арызын ауылдық кеңесте қарайды. Ауылдық кеңестің төрағасы Тасқали ақсақал да шақырылады. Тасқали ақсақал сөз бастап:
...