Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннiн шыfармаларын окытудын маныздылыfы

Автор:   •  Март 1, 2023  •  Доклад  •  860 Слов (4 Страниц)  •  197 Просмотры

Страница 1 из 4

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

          Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім мазмұнын жаңғыртуды талап етеді. Білім мазмұнын жаңарту білім беруші ұстазға тікелей байланысты. Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі ойға оралады.  Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілілігі, шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 

          Тәуелсіз еліміз қуатты, тұғыры биік болсын десек, бесіктегі баланы, тектілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты мақсат деп қарауымыз керек. Осы мақсатқа жету үшін оқу  мен тәлім- тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың асыл мұрасын кеңінен пайдалану керек. Өз тарапымнан ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны бар зиялы қауым өкілдерінің ой- пікірлерін зерделеп,сипаттап, таразылап, жинақтап, іс- тәжірибеме енгізіп, кеңінен пайдаланып келемін.

Қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы-ұстаз – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін, көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңіре білді. Ы. Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым-қатынасы, жастарды еңбекке баулып, ұлттық тәрбиесін қалыптастырып,оқу-білімге шақырады.  Ы.Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы. Алтынсарин жастарды оқу- білім, өнерге үндегенде құрғақ насихаттамай, айтпақ ой- пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін ұстаздық амал- тәсілдерді қолданады. «Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!» - деген өлең жолдарында жастарды білім алуға үндесе, екінші жағынан өмірдің қызығы байлықта деп ұғатын, оқу, өнер ғылымға білімге мән бермейтін көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмас, шексіз мол байлық – білім екендігін айтып, оған қол жеткізу үшін ерінбей еңбектену керектігін түсіндіреді. Ы. Алтынсарин өзінің шығармаларында тәрбиелік, нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл бөлген.  Жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер-білімге баулуды көздеп, білім мен өнерді игерудің тиімді жолы мектеп ашу деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады.

Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың сұлулығын, адам сезімін қабылдап, түсінуге тәрбиелейді.

Сиса көйлек үстінде,

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған,- деп балаға еңбек ету керектігін аңғартады.

Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» деген оқу-әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі.

Жеке тұлғаны оқу мен өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы. Алтынсарин аса бағалы,қазақ фольклорына ерекше мән берді. Ұлы ағартушының еңбегінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға беретіндігін мына өлең жолдарынан көреміз.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп,ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін,-деген өлең шумақтарынан отбасындағы тәрбиеші ата-ана екендігін, балаға деген шексіз мейірімділігін көреміз.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (70 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club