Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

А. Байтұрсынов және халық ауыз әдебиеті

Автор:   •  Ноябрь 17, 2022  •  Эссе  •  547 Слов (3 Страниц)  •  486 Просмотры

Страница 1 из 3

А. Байтұрсынов және халық ауыз әдебиеті

          Aхмет Байтұрсынов дегенде алдымен есімізге алаш қозғалысының жетекшісі, алаш қайраткері деген тіркестер түседі, әрине, мұныңыз қате демек емеспін. Дегенмен, оның мемлекеттік қызметтен бөлек қазақ тіл білімі  және әдебиеттану саласының негізін қалауы , еңбектері, зерттеулері әлі сан ғасырлық азық болары анық. Әсіресе, ұлттық болмыстың, дәстүрдің иісі аңқыған халық ауыз әдебиетінде яғни қазақ халық ауыз әдебиетінде жасаған еңбектері мен зерттеулері құнын жоймақ емес.

          Кездескен, танысқан жаннан аты мен тегін, атасы мен елін сұрайтын халықпыз. Ендеше алдымен Ахаңның өміріне, жалпы биографиясына қысқаша тоқталсақ.

Дүниеге келген күні жылдың 1872- сі, қыркүйектің он бесінші жұлдызы. Туған өлкесі Солтүстік өңір, Қостанай облысы, Жангелді ауданына қарасты Сарытүбек ауылы. Кемеңгер тұлға Ахаң Торғайдағы орыс- қазақ мектебі, Орынбордағы 4 жылдық мектепті бітірген соң, 1895-1909 жылдары ұстаздық қызмет атқарады. Ал жалпы саяси қызмет жолындағы жолы 1905 жылы бастау алған. Ахмет Байтұрсыновтың  тағы бір елеулі еңбегі қазақ халқын білім мен өнерді игеруге шақырған жалпыұлттық тұңғыш «Қазақ» газетінің дүниеге әкелуі еді. Кейіннен әрине,  Ресей үкіметінің Ахмет Байтұрсыновқа ғана емес, барша қазақ халқына жасаған бақылауының салдарынан «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт бағдар беріп отырды. Өзінің ұлтына жасаған жақсылығы, сіңірген еңбегі жаудың ұлтшыл деген жаласы боп қайтарын, оқ боп тиерін білді ме екен... Білді ғой, бірақ біле тұра өлімге бас тікті...

Ахмет Байтұрсыновтың өміріне тоқталу үшін үлкен баяндама жазуға болады. Оның саяси қозғалыстағы іс- әрекетіне тарих өз бағасын берген. Сондықтан, ары қарай «халық ауыз әдебиеті» деген ұғымды ашып, оның Ахмет Байтұрсыновпен не үшін байланыстыратынымызды тарқатайық.

         Хaлықтың аyыз әдeбиeтi- бұл ұлтымыздың асыл қазынасы, әрі мәдени мұрасы. Өздеріңіз білетіндей бұрынырақта жазу- сызу өнері атымен болмады. Міне сол тұста қазақтың яғни халықтың ауызша шығармасы дамып жатқан болатын. Олардың жігін ажыратсақ: ертегі, аңыз, жырлар, мақал- мәтелдер, т.б. Бұлардың барлығы о баста ойдан шығарылған болатын. Тағы да айта кетер жәйт бұл дүниелердің авторы бірнеше адам бола алмайды. Жеке бір автор туғызғанмен жазудың болмауы салдарынан оның аты сақталмаған.

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (45.5 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club