Түркі халықтары әдебиеті тарихының даму, қалыптасуындағы басты
Автор: Дана Сайлаубек • Март 25, 2020 • Курсовая работа • 22,541 Слов (91 Страниц) • 992 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1 ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ
1.1 Түркі халықтары әдебиеті тарихының даму, қалыптасуындағы басты концепция...................................................................................................................101.2 Түркі әдебиеті тарихын дәуірленуінің қазақ әдебиеттануындағы тәжірибесі...................................................................................................................21 1.3 Түркілік ортақ әдебиет тарихын дәуірлеу.........................................................35
2 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ЗЕРТТЕУ («Оғыз қаған» жыры негізінде)
2.1 Эпикалық жырлардағы тарихи көркем ықпалдастық......................................41
2.1 «Оғыз қаған» жырының көркемдік сипаты......................................................44
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі түркі тектес отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың тарихы, шыққан негізі бір екені белгілі. Түркология ғылымының қалыптаса бастаған кезеңінен бері түркілер деп аталатын біртұтас этностың бір географиялық ортада өмір сүргені, ортақ мемлекеттер құрғаны дәлелденді. Түркілердің этнос ретінде біржола тұтасқан кезеңі – біздің дәуіріміздің VІ-VІІІ ғғ. деуге негіз бар. Осы уақытта Еуразия кеңістігін мекен еткен түркі тектес рулар мен тайпалар өзіндік дара мәдениет иесі ретінде тарих сахнасына көтерілді. Түркі Қағанаты секілді ұлы империя құрып, жеке жазу, қайталанбас өнер туындыларын өмірге әкелді. Батыс пен Шығысқа тегеурінді ықпал ете алған Түркі Қағанатының Еуразия кеңістігіндегі абыройы мен беделі жоғары болды. Ол тарихи шындық көне түркілердің түп негізін жіті зерттеген В.В.Радлов, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, А.Н.Кононов, А.М.Щербак, Л.Н.Гумилев сынды шығыстанушы ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Сондай-ақ, түркілердің қуатты ел, үлкен мәдениет иесі болғандығын тарихи мұраға сақ тайпасының жәдігерлері де растайды. Түркілік әдебиет түркілер пайда болған заманнан бері жасап келеді. Сондықтан негізгі мәселелердің бірі: түркілер қай уақытта осы атаумен тарихқа енді? Олардың тамыры қай замандарға кетеді? Түркілер қуатты мемлекет ретінде айбынды күшке айналған б.д. VІ-VІІІ ғғ. әдеби мұраны ғана түркі әдебиетінің негізі дейміз бе? Әйгілі Орхон, Енисей ескерткіштерінде сақталған батырлық дастандарды түркілік әдебиеттің бастауы деп санаймыз ба?
Қазақ әдебиеттану ғылымында осы мәселе төңірегінде біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді, бірнеше диссертациялық еңбектер қорғалды. Түркі әдебиетінің тарихы б.д.д. кезеңнен, түркілердің негізі болып саналатын Ғұндар, Сақтар замандарынан бастау қажеттігін көрсеткен, ол әдебиеттің негізін Түркі Қағанатына дейінгі дәуірден бастауды алғаш ұсынған көрнекті әдебиетші ғалым Б.Кенжебаев. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеудің жаңаша концепциясын ұсынған ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағытын мүлде жаңа арнаға бұрды. Кеңестік тоталитарлық заманда қазақ әдебиетінің негізі Орхон, Енисей ескерткіштерінде жатыр, түркі әдебиетінің тамыры одан да тереңге тартады деп көрсетеді. Қазақ әдебиеттану ғылымына үлкен жаңалық әкелген профессор Б.Кенжебаев Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Р.Нұрғали, А.Қыраубаева, Қ.Өмірәлиев, Н. Келімбетов сынды шәкірттер тәрбиеледі. Олар жабық күйі зерттелмей келген қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты қарастырып, халықтың рухани өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Әдебиетші ғалым Н.Келімбетов «Қазақ әдебиетінің бастаулары», «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» сынды монографиялық еңбектерінде түркі халықтарының әдебиеті Сақ, Ғұн дәуірінде өмірге келген «Алып Ер Тоңа», «Оғыз қаған», «Еділ батыр», «Шу батыр», «Көк бөрі», «Ергенекон» туралы жырлардан негізін бастайды деп көрсетеді [1]. Аталған шығармалардың басы б.д.д. VII ғ. өмірге келгендігін дәлелдейді. Осы мәліметке сүйенсек, түркі әдебиетінің бір тармағы саналатын қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы XVII ғ. құрайды. Қазақ әдебиетшілері ішінен көне дәуір әдебиеті тарихын кешенді зерттеген ғалымдар көп емес.
...