Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері. “ 1912жылғы дипломатияның нәтижесі”

Автор:   •  Октябрь 15, 2019  •  Реферат  •  2,944 Слов (12 Страниц)  •  603 Просмотры

Страница 1 из 12

   1914  жылғы  соғыс  қарсаңында  Австрия  императоры  бір  кеңесшісінен  бас-қа  барлығының  ақыл-кеңесіне  құлақ  асты.  Император  өз  іс-әрекетінің  Еуропа-ның кемінде төрт ұлы державасы арасындағы жойқын соғысқа, тіпті ғасыр бойы мызғымай  келе  жатқан  империясының  күйреуіне  әкеп  соқтыратынын  білді.  Де-генмен  оны  сондай  шешім  қабылдауға  ешкім  мәжбүрлеген  жоқ  еді.  Германия  канцлері  өз  хатында:  «Германия  императоры  Австро-Венгрия  мен  Сербия  ара-сындағы  мәселеде  өзінің  анық  ұстанымын  білдіре  алмайды,  өйткені  бұл  мәселе  оның  құзыретіне  кірмейді»,  –  десе  де,  Германияның  Австрияны  шын  пейілмен  қолдайтынын  жазған.  Кейінірек  Германия  императоры  соғысты  болдырмау-ды  көздейтін  «Белградта  аялдау»  атты  балама  ұсынысын  жасайды.  Британия  да  осындай  ұсынысты  алға  тартты.  Алайда  Австрия  алған  бетінен  қайтпай,  соғы-суға  бел  буды.  Сол  соғыстың  нәтижесінде  Австро-Венгрия  империясы  ыдырап,  Габсбург  монархиясы  күйреді.  Соғыс  аяқталғанда,  Австрия  эрцгерцогіне  оның  билікке енді ешқашан қайта келмейтінін айту америкалық капитанға тапсырыл-ған  еді.  

   Капитан  Томас  Грегори  орталыққа:  «Эрцгерцог  19:00-де  келді.  19:05-те  тапсырма орындалды», – деп телеграфтық хабар жіберді. Австрияны өзіне осын-дай қауіп төндіруге, халықтардың жаңа қару түрлерінен бір-біріне оқ жаудырған, миллиондаған адамның өмірін қиған соғысқа баруға не итермеледі? Бұл сауалға жауап іздеу үшін еуропалық державалардың соғысқа дейінгі дип-ломатиялық  іс-қимылдарына  баса  назар  аудару  қажет.  Мемлекеттердің  соғыс  жолын  таңдауына  олардың  өз  қарсыластары  мен  одақтастарының  ниеттері  мен  мүдделері туралы тұжырымдары әсер еткен. Осы ретте дипломатиялық байланыс-тардың негізгі рөл атқарғанын атап өту керек. Дипломатиялық амалдар көмегімен державалар  Францияның  Үштік  одаққа  қарсы  соғыста  Ресейді  қолдайтынын  аң-ғарды,  ал  Германия  болса,  Англияның  Германия  қарсыластары  қатарына  қосы-латынына көз жеткізді. Бірақ шиеленістің түп-тамырын бұдан бұрынғы кезеңдегі.

   Ееуропалық дипломатиядан іздеу қажет

   XIХ ғасырдың ортасында, Қырым соғысы кезінде  Австрияның  Ресейге  қауіп  төндіруі  екі  ел  арасына  жік  салып,  арты  араз-дыққа  ұласты.  Бұл  жайт  Ресейдің  Австриядан  гөрі  Пруссиямен  тығыз  байланыс  орнатуға ден қоюына, түптеп келгенде, біртұтас Германия мемлекетінің құрылуы-на себеп болды.

   Австрия өзінің 1879 жылдан кейінгі Германиямен тығыз қарым-қатынасын есептемегенде, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өзге державалардың  дипломатиялық  амалдары  нәтижесінде  оқшау  қалып  отырды.  Ұлтшылдық  кең  етек  жайған  дәуірде  көпұлтты  Австро-Венгрия  империясының  оқшаулануы ішкі және сыртқы қауіп-қатер алдында оны әлсіретпей қоймады. Бұл оның 1914 жылы жанкешті қадам жасауына айтарлықтай ықпал етті.

   Осы  тарауда  Австрия  өкілдерінің  соғыс  қарсаңындағы  дипломатиялық  бай-ланыстардан  түйген  ойлары  мен  тұжырымдары  елдің  1914  жылы  соғысқа  бару  жөніндегі  шешімге  келуіне  негіз  болғанын  көрсетеміз.  Сигнал  беру  гипотезала-рын тексеруге қажетті нақты мысалдар ретінде 1912 жылғы Ресей мен Германия-ның  дипломатиялық  ықпалдастығына  баса  назар  аударамыз.  Ұсынылған  гипо-тезаларға  сай  болжамдар  сол  кезеңдегі  оқиғалармен  байланыстыра  сипатталған.  1912  жылы  Австрия  өкілдері  жасаған  тұжырымдар  мен  өзге  де  дипломатиялық  дереккөзден  алынған  айғақтың  соғыс  ашу  туралы  шешім  қабылдауға  елеулі  ық-пал  еткені  көрсетілген.  Осы  тақырыпқа  арналған  көптеген  тарихи  зерттеулер

    Австриядан басқа державалардың соғысқа қалай араласқанына ерекше көңіл бө-леді. Ал бұл зерттеуде Австрияның іс-әрекеті мен соғысуға тәуекел еткен кезеңге, яғни Шілде дағдарысының алғашқы күндеріне талдау жасалған.

ГИПОТЕЗАЛАРДЫ ҚҰЖАТТЫҚ ДӘЛЕЛДЕРМЕН САЛЫСТЫРА ТЕКСЕРУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Дүниежүзілік  соғыстар  қарсаңындағы  дипломатиялық  іс-қимылдардың  оқи-ғалар  барысына  зор  ықпал  етіп,  тарихи  маңызға  ие  болғаны  шүбәсіз.  1914  жылы  Австро-Венгрияның  соғысу  туралы  шешімі  Австро-Венгрия  мен  Ресей  империя-сының  күйреуіне,  Ресейде  коммунизмнің  өріс  алуына,  сондай-ақ  әлемнің  саяси  картасындағы  мемлекеттік  шекаралардың  өзгеруіне  себепші  болды.  1930  жыл-дардың аяғындағы нацистік соғыс машинасының іс-әрекеттері сол дәуірдің басты қозғаушы  күшіне  айналды.  Сол  кезеңде  басқа  шешімдер  қабылданғанда,  бүгінгі  әлемнің бет-бейнесі айтарлықтай өзгеше болар ма еді. Дүниежүзілік соғыстар ал-дындағы осы бір күрделі кезеңдер талдауға тұрарлық деректерге толы. 3–6-тарау-ларда  сипатталған  талдау  модельдерінің  бір  осал  жағы  –  олар  халықаралық  сая-сатта сигнал берумен байланысты күрделі құбылыстың барлығын қамти алмайды.

...

Скачать:   txt (28.5 Kb)   pdf (114.2 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club