Алаштың айбыны- Бауыржан Момышұлы
Автор: Nurum • Март 5, 2023 • Автореферат • 3,904 Слов (16 Страниц) • 268 Просмотры
21 жоббм
Ғылыми жоба
[pic 1]
Бағыт: “Алаштың айбыны- Бауыржан Момышұлы”
Бауыржан Момышұлы шығармаларының
Абай дәстүрімен үндестігі.
Орындaғaн: Айдаралы Диас Ермекұлы
Сынып: 9 «А»
Жeтeкшici: Наурызбаева Зарина Нурланбековна
Пiкiр
Оқушы Айдаралы Диас “Алаштың айбыны- Бауыржан Момышұлы” aтты ғылыми жoбa жaзды. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен
батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға
айналған батыр Бауыржан Момышұлының өмір жолы сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат екені жобада баяндалған.
Пiкiр жaзғaн ғылыми жeтeкшici: Наурызбаева З.Н
Аннoтaция
Киелі Әулиеата төрінде халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батырлар аз болған жоқ. Бірақ солардың бәрінен Бауыржанның орны да өзгеше, атағы да айрықша, тұғыры да биік. Себебі, Бауыржан қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихына әлемнің 70-тен астам елі қатысқан ең алапат соғыс болып енді. Ол батылдық пен батырлықтың ғана емес, әскери өнер, соғыс тактикасы, ақыл-ой мен білім-біліктің арпалысқан, бес құрлық пен төрт мұхитта адамзат жан алысып, жан беріскен, жер жаһанды қамтыған ғаламат соғыс болды. Екінші дүниежүзілік соғыс тарих сахнасына жаңа тұрпаттағы қолбасшыларды шығарды. Қаһарлы 41-жылдың қысында Кеңес Одағының астанасы — Мәскеу қаласына жау танкілері қол созым жер қалған сәтте бүкіл дүние жүзінің назары әйгілі шаһарға ауды. Міне, осы кезде қазақтың құрыштай берік ұланы қайтпас қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті.
Батырдың өзі, сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. Бұл өсиеттердің
зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте. Батыр тек қана еуропалық және
ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілк дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы – ел намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы
орынды пайдаланған. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне
өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады.
Аннoтaция
В прошлой истории нашего народа было немало героев, начавших страну, ораторов, начавших слова и героев, начавших действия в образе святых святых. Однако положение Бауыржана иное, слова его особенная, пьедестал выше. Причина в том, что Вторая мировая война в которой принимал участие Бауржан, стала самой разрушительной войной в истории человечества, в которой приняли участие более 70 стран мира. Это были не только храбрость и героизм, но и военное искусство, военная тактика, интеллект и знания, и это была великая война, в которой человечество сражалось и принасило жертвы на пяти континентахи четырех океанах, охватив весь мир.
Сам Бауржан, будучи восьмиугольным и загадочным человеком, стонущимо стране, оставил в завещании все свои знания и опыт. Из этих заповедей великая ценность в волнующих душу знаниях. Батыр опирается не только на европейскую и российскую военную науку. Бауржан Момышулы испльзовал остроумные слова наших предков, такие как «Рука убьет одного, ум убьет другого», «Честь страны», «Честь человека, зайца погонит тростинка». Поэтому заповеди богатря воинам- казахам очень близко о том, чтобы дать пищу своим мыслям и силу своим телам.
...