Абай - қазақ поэзиясының биік шыңы
Автор: rakhimabigalieva • Сентябрь 25, 2020 • Эссе • 323 Слов (2 Страниц) • 2,031 Просмотры
Абай - қазақ поэзиясының биік шыңы
«Абайдың істеп кеткен қызметі - әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуға лайық». М.Әуезов
Абай – қазақ поэзиясының да биік шыңы, биік болғанда көз жетпес заңғар шыңы. Сол биікке ол өзі де, өзімен қоса поэзиясын да шығарды. Ал қазақтың маңдайына біткен барлық ақындар Абайдың биігіне ұмтылды, Абайдан тәлім алды, соның салған сара да дара жолымен әркім өз биігін бағындырды. Абай және қазақ поэзиясы туралы жазушы Ғ.Мұстафин: «Абай шыңы бәрімізден жоғары тұр. Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып көтерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ»,-деп анық пайым жасайды. Абай өнеріне тамсанбай, Абайды жастанып оқымай, ешбір ақын поэзия әлеміне қадам басқан емес. Себебі Абай қазақ поэзиясында бұлжымас заңдылық орнатты, тың белестерге бастады, соны сара жол салды. Абайдың поэзиядағы ұстанымы - бойында кез келген шығармашылық адамын адастырмас тура жол.
Өлеңді «сөздің патшасы» деп қадірлеген Абай ақынның аузынан шыққан әр сөздің «тілге жеңіл, жүрекке жылы тию» керек деп талап етеді. Өлеңді «бөтен сөзбен былғаған ақынды білімсіз бейшараға» балап, «мал үшін тілін безеген, өлеңмен қайыр тілеген» ақынсымақтарды сойыл сынға алады.
Абай өлеңнің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі мазмұнына аса қатты мән берген. Ақындыққа таласың болса, тек «сырты ғана күміс емес, іші де алтын сөз жақсысын айт» деп, ауыр міндет жүктейді. Осылайша Абай өзімен қоса қазақ поэзиясын да барлық «кірден» тазалап, саф таза күйінде асқар шыңға шығара білді.
...