Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы – ШЫҰ мүшесі ретінде

Автор:   •  Октябрь 2, 2021  •  Реферат  •  5,812 Слов (24 Страниц)  •  305 Просмотры

Страница 1 из 24

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультеті

[pic 1]

CӨЖ

Пәні: Философия

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы – ШЫҰ мүшесі ретінде»

(топтық жұмыс)

Орындаған: Бакрамбекова Аяулым

Тексерген: Нигметова А

Алматы, 2021ж.

МАЗМҰНЫ:

I КІРІСПЕ        3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ        7

1.        Ұйымдық құрылым мен қызмет ету принциптері        7

1.1.        ШЫҰ-ның құрылу себептері        7

1.2.        ШЫҰ мақсаттары мен міндеттері / "Шанхай бестігінің" қызметі        9

1.3.        Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар көрінісі        12

2.        ШЫҰ: Ынтымақтастық бағыттары мен даму перспективалары        15

2.1.    Ұйымның халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы рөлі        15

2.2.   Саяси қызметі: терроризмге, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресі        16

III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ        20

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:        21


I КІРІСПЕ

[pic 2]Тақырыптың өзектілігі.  Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы  туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылданды. КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. 1992 жылы наурызда Елбасы Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажеттігі туралы ақпараттан хабардар болып келді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді. Ресейліктер ҚХР мен ортақ шекарасы бар бұрынғы кеңес елдері құрамында біртұтас делегация құруды талап етті. Мемлекеттер бөлектеніп кеткен екен, онда оларға Қытаймен келіссөздерді әрқайсысы өздері жүргізгендерді дұрыс деген басқа да пікірлер болды. Бірақ түптеп келгенде, салауатты ой жеңді және осынау күрделі жағдайда Қытай жағы сындарлық көрсетті. Пекин «Ресей жағының өкілі басқаратын бірлескен делегациямен жұмыс істеуге дайынбыз, егер бұған басқа мемлекеттер қарсы болмаса» деп мәлімдеді. Қазақстанда бұл мәселе талқыланған кезде әлі жас мемлекетіміз үшін Қытаймен шекара ауданында сенім шаралары проблемасы төтенше маңызы бар екендігі негізге алынды. Сондықтан Қытаймен келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылданды [1, 129-130-243].

2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшыларының қатысуымен Шанхай бестігінің кезекті кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына тұңғыш рет Өзбекстан Республикасы да қатысты. Форумға қатысушы мемлекеттер «Шанхай бестігінің» бес жылдық қызметін оң бағалай келе, 1996 жылғы Шанхай, 1997 жылғы Мәскеу, 1998 жылғы Алматы, 1999 жылғы Бішкек және 2000 жылғы Душенбедегі аталған мемлекеттердің жоғары деңгейдегі кездесулерінен жинақталған тәжірибені басшылыққа ала келе, сонымен қатар саяси процестердің көпполярлығын, экономикалық және ақпараттық жаһанданудың одан әрі жалғасуын атап өте келе «Шанхай бестігіне» мүше-мемлекеттер, сондай-ақ Өзбекстан ұйымды жаңа ғаламдық қауіп-қатерлер мен үндеулерге жаңаша қарсы тұруға, жаңаша жауап беруге қабілетті ету мақсатында «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құратындықтары туралы салтанатты түрде жария етті [2, 496].

...

Скачать:   txt (80.1 Kb)   pdf (378.7 Kb)   docx (136.7 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club