Евразия коммуникация ( О . Сүлейменовтың “ Аз и Я ” шығармасы бойынша ) сараптамалық ой – түйіндеу
Автор: Alisher19 • Ноябрь 21, 2022 • Реферат • 306 Слов (2 Страниц) • 449 Просмотры
Евразия коммуникация ( О . Сүлейменовтың “ Аз и Я ” шығармасы бойынша ) сараптамалық ой – түйіндеу
Олжас Сүлейменов – көрнекті ақын , мемлекет және қоғам қайраткері , дипломат . 1990 жылы ядролық апатқа қарсы “ Семей – Невада ” қозғалысын құрып , Семей полигоның жабылуына зор үлес қосты . Бұл қозғалыс жалғасын тауып басқа мемлекеттердегі полигондардың жабылуына әкелді . Олжас Сүлейменовтың бір ерекшелігі ол орыс тілді қазақ болған . Сол себепті оның шығармалары орыс тілінде жазылған . Ең танымал шығармасы “ Аз и Я ” 1975 жылы орыс тілінде жарық көрген .
Бұл кітапта Олжас Сүлейменов “ Игорь жасағы туралы жырды ” зерттей келе , өзіндік ғылыми тұжырым жасаған . Яғни , бұл жырдың қыпшақ және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелді . Жалпы славян халықтарына , әсіресе орыс халқының лингвистикасына терең бойлап , кірме , бұрмаланған сөздерді шығу тарихымен қоса ашып жазған . Оның “ Игорь жасаңы туралы жыр ” – дағы қыпшақ сөздерін зерттеп жасаған еңбегі кеңес идеологиясын ұстанушыларға ұнамады , өйткені бұл шығарма орыс әдебиетінің мақтанышы еді .
Менің ойымша Олжас Сүлейменов “ Аз и Я ” шығармасы арқылы славян халықтары мен түркі халықтары бір – бірімен араласып , туыс мемлекетке айналғанын көрсеткісі келді . Сол себепті орыстардың жыры арқылы соны дәлелдеп шыққысы келді . Оның дәлелдері бойынша славян халықтарының сөздік қорының 30% - ға жуығы түрік тілінен енген сөздер болып табылады . Бұл дегеніміз екі мәдениет бір – бірімен араласқандығын айқын дәлелдейді .
Қорыта айтқым келетінім мен Олжас Сүлейменов атамызбен толық келісемін . Себебі қазіргі кезде де орыс мәдениеті мен қазақ мәдениеті бір – бірімен өте тығыз байланыста . Біз қазір сөйлеген кезде көптеген орыс тілінен енген сөздерді қолданамыз . Ал славян халықтары түрік тілінен енген сөздерді әлі күнге шейін пайдаланып келеді .
...