Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай Құнанбаев

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Эссе  •  454 Слов (2 Страниц)  •  1,009 Просмотры

Страница 1 из 2

Ұлы тұлға

                                             Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,

                                                Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

     Абай Құнанбаев – қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі және бірегейі. Абай есімі-қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани жаңғыруының , қоғамның өркениетке ұмтылуы мен әділдіктің символы іспетті.

    Луначарский: «Әрбір данышпан  адам, сөз жоқ, қандай да болсын бір әлеуметтік ұлы өзгерістің, әлеуметтік ұлы  ілгерілеудің нәтижесі, жемісі», - дейді. Абайды ақын еткенде өмір сүрген  кезеңінің әлеуметтік  озбырлығы еді. Әкесі Құнанбайдың қасында жүріп халқының мұң-мұқтажымен, болыс-бидің тізгінсіз тіршілігімен етене таныс болды. Қоғамда орын алып жатқан әрекеттердің барлығы қараңғылықтан болып жатқанын көрген Абай білім мен ғылым жолына түсті. Әлемдік деңгейдегі ақын-жазушылармен танысты, оқыды, көңіліне тоқыған құнды дүниелері өлең боп өріліп жатты.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім

   Ақынның ең алғашқы туындыларының бірі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі. Абай бұл өлеңі арқылы жаңа ақынға керек ғылым туралы сөз ете келіп, өзінің ғылым-білімді зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Бұл қателігін өскелең ұрпақ қайталамауын, балалары да сол қателікке ұрынбау үшін медрессеге бергенін, атақ пен шен алу мақсатын көздемегенін жеткізеді.

Феодалдық заманның қайнаған қазанында өмір сүрген ақынның басты мақсаты оқу-білімге құштар жастарды көбейту. Ғылым мен білім игеру арқылы заманның заңсыздықтарымен күресетін өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Сол мақсатта «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдері жарық көріп, халық арасына тарады.

Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» сияқты тағы басқа өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген,халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулықтан ,бояма мінезден сақтандырады.

Жарты ғасырдан ұзақ уақыт өтсе ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері өз қадірі мен құндылығын жоғалтпақ емес. Тек қазақты емес, бүкіл әлемді мойындатқан Абай шығармашылығының ашылмаған қырлары, айтылмаған сырлары қаншама. Мен ақынның шығармашылығымен етене таныса отырып, оның басты сенім артқаны жас ұрпақ екеніне көзім жетті. Қай кезеңде болмасын жастарымыз жалынды, көзі ашық, көкірегі ояу болуы тиіс. Кешегі Абайдай ұлы тұлғамыз үлкен сенім артқан бүгінгі жас ұрпақ ретінде білім мен ғылымды қатар меңгерген, еліміз үшін бағындырар биігіміз Эвересттің биік нүктесіненде асқақ болуы еңбек етеміз!

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (572 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club