Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Автор:   •  Сентябрь 23, 2023  •  Творческая работа  •  316 Слов (2 Страниц)  •  206 Просмотры

Страница 1 из 2

Абай Құнанбаев (1845-1904)

«Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен» Мұхтар Әуезов

«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес» Мағжан Жұмабаев

«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізгеқымбаттығы да сол» Міржақып Дулатұлы

«Абай – ойшыл ақын. Өлеңін пікір кернеп тұр. Оның сезімі ойшыл сезім. Бірақ оның ойы да сезімшіл ой. Сондықтан Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да: түрі мазмұнын көрсетіп тұрады. Абай тілінің сөздігі (лексикасы), грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі – бәрі қосылып та, жеке тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады» Құдайберген Жұбанов

«Өлеңді өнер деп бағалаған Абай — сол өлеңді кестелеп, қазаққа қызмет етті. Өлеңнің өнер екенін көрсетті. Қазақта да мынадай сөз өнерінің үлгілері болады деп өнер белгісін қалдырды. Абайды жазба әдебиеттің — сырлы әдебиеттің басы дейтініміздің бір жағы осында» Ілияс Жансүгіров

«Абай кітаптардан алған, өмірде сезінген,

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (40.4 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club