Абай Құнанбаевтың
Автор: sunshine07 • Май 11, 2020 • Контрольная работа • 816 Слов (4 Страниц) • 633 Просмотры
- Абай Құнанбаевтың балалық шағы қай жерлерде өтті?
Бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы.
- Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына орыс зиялыларымен араласуы қалай әсер етті?
Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
- Абай: «Бес нәрсеге асық , бес нәрседен қашық бол», -дейді. Сен оны қалай түсіндің?
Адам болу үшін бес нәрседен қашық боп,бес асыл іске асық болу керек.Сен біреу үшін білім үйренсең сенің білгенің бекерге кеткені.Өзің үшін оқып-білу керек.Себебі,сол жақсы қасиеттерден жақсы істер жасалады.
Өлеңнің басты идеясы - жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы,алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі,міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау.
- Адам болу үшін сен қандай қағиданы ұстанасың?
Қазақта “Адам болып келген соң, адам болып кету қиын” деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады. Африкалықтардың “Жейдесіз адамның жейде сыйлағанынан, өзін сүймейтін адамның сені сүйемін деп айтқанынан қорық” деген жақсы мәтелі бар. Расымен де, біреуді сүйіп, біреуге жақсылық жасамас бұрын өзімізді сыйлап, өзімізге жанашырлық, адамгершілік сынды қасиеттерді үйрете білуіміз керек.
- Неліктен Абай өз шығармаларын жинақтамаған?
Бұл бастаманың күрделігі сонда, ақын көзі тірісінде өз шығармаларын кітап түрінде жинақтамаған, көпшілік өлеңдері ел аузында жатталып, ал қолжазба ретінде жазылған нұсқалары толық сақталмаған еді. Сондықтан кітап етіп баспадан шығару келер ұрпаққа Абай мұрасын аманат ретінде қастерлеп жеткізумен маңызды болды.
- Қазақ тарихында Абайдың алатын орны қандай?
Aбайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты.
Шоқан Уәлиханов бойынша
- Шоқан Уәлихановтың жастық шағы қай жерлерде өтті ?
Шоқанның жастық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.
- Шоқан Уәлихановтың ата-бабалары кімдер болған ?
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.
- Жастық шағында тәлім - тәрбие алған ортасы туралы сипаттап жазыңдар.
Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды
- Омбы кадет корпусында оқыған кезде қандай пәндерге қызығушылығы жоғары болды?
Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті.
- Шоқан Уәлиханов қандай орыс және шетел ақындары мен жазушыларының шығармаларын қызығып оқыды ?
Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
- Орыстың озық ойлы қандай зиялылармен патша үкіметінің озбырлығы туралы хат жазысып тұрды ?
Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат"
Ыбырай Алтынсарин бойынша
- Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарасы қалай қалыптасты?
Алтынсарин өз бойындағы қасиеттер мен білімін өз ұлтының балаларына дарытуға бүкіл ғұмырын арнады.Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады. Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол өз шығармаларында шәкірттерін адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер - білімде деп түсінген Ыбырай Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
...