Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Іскерлік қазақ тілі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2019  •  Контрольная работа  •  518 Слов (3 Страниц)  •  671 Просмотры

Страница 1 из 3

Қуандық Лаура

Іскерлік қазақ тілі

15.Этникалық байланыстар, ескі колониалдық байланыстар және ел халқының тілдік құрамында болу, осы елдің нарығындағы халықаралық сауданың табысты болуына ықпал ете алады. Неліктен, сіздің ойыңызша, бұлай болуы мүмкін? Егер мұндай тәуелділік бар болса, ол қалайша шетел нарығын, оған кіру үшін таңдауына әсер ете алады?

Бүгінгі таңда этникалық байланыстар, ескі колониялық байланыстар елдің нарықта алға тартылуына өз ықпалын тигізе алады. Елге экономикалық қолдау жасауда аталмыш байланыстардың алатын орны ерекше.

         Ескі колониялық байланыстарды атап өтсек, Африка елдерінің Франция, Ұлыбритания секілді Еуропа елдерінің қол астына шығуы, бүгінгі таңдағы Африканың дамушы елдеріне тығыз экономикалық байланысты қамтамасыз етіп отыр.

        Ауғанстан және Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Қырғызстан секілді елдер өздерінің этникалық байланысы бар елдер десек те болады. Одан бөлек олардың Ресеймен саяси жағдайлары да біртекті болып келеді. Олардың Кеңес Одағынан бөлініп бүгінгі таңда олардың Ресеймен қарым қатынаста болуы да жайдан жай емес. Бұл елдердің басым көпшілігі пайдалы қазбалардың көмегімен өз экономикаларын алға тартуда, әсіресе Қазақстан мен Түркменстан аймақтарында ресурстар көптеп шоғырланған. Менің ойымша жоғарыда аталып өткен байланыстар олардың бүгінгі таңдағы саудадағы орнына өз ықпалын тигізеді. Осындай тәуелділікті иеленіп, тек өздерінің саяси жағынан сауаттылығының көмегімен өз экономикасын дамытып отырған дамыған елдер біршама. Жабдықтау немесе жалпы айтқанда қаржы жағынан қолдауы әлсіз, дегенімен ресурстарға бай, шаруашылықта жақсы елдер қаражатпен қамтамасыз етіп, өз қарамағына алғалы отырған елге қарсылық білдіре алмайды деп есептеймін. Дегенімен, өз ресурстарының арқасында шетел нарығын, оған кіру үшін таңдауына әсер ете алады.

16.Африка елдері, өз экономикасына көбірек шетел инвестициясын тарту үшін қандай іс-әрекеттер жасауы тиіс?

Африка елдері бүгінге дейін 50 жылдардағы отарлау толқынының басылуына қарамастан отарлау іздері қалғаны байқалады. Бұл халықаралық бизнесті қолдау мақсатында Европа елдерімен әлі де экономикалық байланысты ұстап қалу үшін деп те есептеуге болады. Мысалға айта кететін болсақ, Чад, Нигер сияқты Африка елдері Франция елімен экономикалық және мәдени байланысты үзбеген. Аталмыш елдер өздерінің ұлттық валюталарын Франция валютасына байлап, білім және басқару жүйесінде Францияның қағидаттарын ұстанады. Осылайша олар европалық нарықта ерекшелене алады.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (63.7 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club