Қазақстан мәдениетінің ескерткіштері
Автор: Ayaulym Namazaly • Апрель 15, 2021 • Реферат • 4,375 Слов (18 Страниц) • 425 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе............................................................................................................3
I. Қазақстан мәдениетінің ескерткіштері
1.1 Қазақстан мәдениетінің ескерткіштеріне сипаттама..........................
1.2 Қазақстан мәдениетінің ескерткіштерінің тарихы.................................
1.3 Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер............................
1.4 Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер............................
1.5 Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері..................
Қорытынды .......................................................................................................
Әдебиеттер тізімі .............................................................................................
Кіріспе
Қазақстан елі бай тарихи мұраларымен ерекшеленіп, ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау үшін ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуі керек. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз. Республикалық маңызы бар Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері - жеке ғимараттар, осы ғимараттардың тарихи қалыптасқан аумақтары бар ғимараттар мен құрылыстар, мемориалдық үйлер, кварталдар, некрополиялар, кесенелер және жеке қорымдар, монументалды өнер туындылары, тас мүсіндер, тасқа қашап салынған суреттер, археологиялық ескерткіштер, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген және тарихи, ғылыми, архитектуралық, көркемдік-мемориалдық құнды және бүкіл елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар қалпына келтірудің әлеуетті объектілері болып табылады. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімдерін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Үкіметі бекітеді. Республика бойынша отандық тарих және мәдениет ескерткіштерін ауқымды түгендеу жүргізіліп, 218 республикалық және 11 277 жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарихи-мәдени ескерткіштер тізімі бекітілді. Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес тарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.
3
I БӨЛІМ.
I. Қазақстан мәдениетінің ескерткіштері
1.1 Қазақстан мәдениетінің ескерткіштеріне сипаттама
Ескерткіш деп елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды.[pic 1]
[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]
[pic 6][pic 7][pic 8][pic 9]
Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Тарихи-мәдени мұра - бұл бұрын пайда болған және сақталуы тиіс әлемдік өркениетке халықтың өзіндік үлесін қосатын материалдық және рухани құндылар . Тарихи мәдени құндылықтардың жылжымайтын нысандары ( мәдениет пен тарих ескерткіші ) оның материалдық негізін қалайды және тарихи-мәдени ұлттық ортаны қалыптастырады. Мәдени мұра нысандарына тарихи оқиғалардың ықпалымен пайда болған , тарих , археология , архитектура , қала құрылысы ғылымдарының пайымдауынша жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Олар мәденттің пайда болуы мен дамуын айқындайтын шынайы ақпарат көзі болып саналады .
...