Батыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
Автор: atagullina123 • Декабрь 14, 2022 • Реферат • 601 Слов (3 Страниц) • 549 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
СӨЖ2
Тақырыбы: « Батыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері»
Орындаған:Атагуллина Альфия,Т-101
Тексерген: Сарбаев Асқар Бердимуратович
Ақтөбе,2021
Батыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
Батыс Қазақстан өңіріне Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы кіреді. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Аймақтың ежелден қоныс орындары болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Ақтөбеде ескерткіштердің нақты саны белгісіз. Қазіргі күні инспекция мемлекеттік тізімге енген ескерткіштердің орналасқан орындарын анықтау, тізімін жасау мен құжаттарын ретке келтіру жұмысын атқарып жүр. Ақтөбе жеріндегі ең көне ескерткіш тас дәуірінен қалған Төлеубұлақ үңгірі болып табылады. Үңгір Мұғалжар ауданында орналасқан.Ойыл ауданы аумағында 160 қорғаннан тұратын қола дәуіріне жататын Құмсай қорымы еліміздегі ең ірі қорымдардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, Қобда ауданындағы Абат-Байтақ ескерткіші бар. Батыс Қазақстандағы бірегей және сирек кездесетін сәулет өнерінің ескерткіші – Абат-Байтақ. Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Беспоқа ауылының шығыс беткейіндегі ескерткіш Арал-Каспий аймағының солтүстік бөлігіндегі аса ірі кешен. Кешенге атау берген Абат-Байтақ мавзолейі орта ғасырлық сәулет өнерінің аса әйгілі ескерткіші. Күйдірілген кірпіштен салынған және шошақ шатырлы күмбезді кесенелрдің бірі. Бұл ескерткіш тұңғыш рет П.И.Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде келтіріліп, онда 1750 жылы инженер-подпоручик Ригельман Қарасу өзені Үлкен Қобдаға құятын сағада Пирамида тәрізді салынған қырғыздар Астанасы деп атаған біршама тастан қашалған құрылыстар тауып, суретін салып және мұнда белгілі адамдар жерленгені, солардың бірін олар Байтақ деп атайтыны жазылған.
...