Қазақстандағы волонтерліктің даму тарихы
Автор: Аида Кинаят • Сентябрь 20, 2021 • Реферат • 391 Слов (2 Страниц) • 707 Просмотры
Қазақстандағы волонтерліктің даму тарихы
Ең алдымен «волонтер деген кім?» сұрағына жауап берейік.Волонтер-халыққа көмек беретін мейірімді,қайырымды жан.Еріктілер көптеген жағдайы жоқ адамдарға халықпен бірге көмектесіп,қайырымды іс жасайды.Өзінің көмегі мен жұмыс үшін ақы алмайды. Волонтерлер қоғамқа қандай көмегін тигізетінін нақтылап айта кетейін.Еріктілер,көпбалалы аналарға,мұқтаж жандарға материалдық жағынан көмек қолын созады.Азық-түлік пен киім береді,ақшалай қор ашып жаңа пәтерге қаражат жинайды.Жоғалып кеткен азаматтарды іздестіреді.Түрлі көмекке зәру ауруларға отасына қаражат жинауға септігін тигізеді.
Осындай ізгі істерді жасайтын жалпы волонтерлік қызметтің тарихы сонау соғыс кезінен бастау алады. Қызықтысы, бастапқыда «волонтер» термині әскери сипатқа ие болды, соғыс іс-қимылдары кезінде әскерге қосылған еріктілерді солай атады. 19-ғасырдың екінші жартысында ғана өзін соғыс іс-қимылдарының қатысушылары мен құрбандарына – жараланған, қиын жағдайда қалған, жетім қалған адамдарға риясыз көмек көрсетуге арнаған ерікті ұйымдар пайда болды. Он тоғызыншы ғасырда АҚШ-та көбінесе мұқтаждар үшін жәрдем жинаған қайырымдылық ұйымдары болды. Бірақ ғасырдың ортасында ерікті топтар пайда бола бастады, олар сарбаздарға арналған киімдер тігіп, жараланғандарға, соғыста асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек көрсетті. 1881 жылы Сара Бартон Американдық қызыл крест ұйымдастырды. XX ғасырдың басында «волонтер» сөзі көбінесе мұқтаждарға риясыз көмек көрсетумен байланысты болды.
Аталған бағыттардың көбісі Қазақстанда да дамып келеді, мұнда волонтерлік қызмет 90-шы жылдардың ортасынан бастап, үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың пайда болуы мен дамуынан басталды. Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланған 2001 жылы Қазақстанда волонтерлік ұйымдар немесе волонтерлерді өз миссияларын іске асыруға тартатын ұйымдар болды. Басқа адамдарға ерікті көмек көрсету идеясының өзі - Қазақстан тарихы мен ұлттық мәдениетінің бір бөлігі. Қазақ халқының өзара көмек көрсету дәстүрі (асар) де, өрттен зардап шеккендерге немесе тұрмысы төмен адамдарға киім жинау да, туысы болып табылмайтын, әлсіз көршілеріне өз еркімен күтім жасау да – осы негізде волонтерлік табиғи түрде құрылып, ел мәдениетінің бір бөлігіне айналады. Қазір волонтерлік көбінесе қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ассоциацияланады, алайда Қазақстанда ауруханаларға, полицияларға, балалар үйлеріне қандай да бір ресми ұйымдарға қатысусыз көмектесетін көптеген волонтерлер бар.
...