Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениет типологиясы

Автор:   •  Февраль 26, 2024  •  Реферат  •  2,114 Слов (9 Страниц)  •  133 Просмотры

Страница 1 из 9

№1 СӨЖ

ОРЫНДАҒАН: Жексембай Нурберген ДШС-11

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

ТАҚЫРЫП : Мәдениет типологиясы. ( Мәдениет типінің түсінігі, мәдениеттің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті тәсіл.)

Студенттер орындайды;

Өркениеттің мәдени-тарихи типологиясы №1 таблица

Негізгі критерийлер

Сызықтық

Мультисызықтық

Г.В.Ф. Гегель

Маркс концеп

циясы

К.Ясперс

Н.Я. Данилевский

А.Тойнби

О.Шпенглер

Өркениет және мәдениет түрлерінің атауы

Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно БауерКарл Маркс Фрэнсис Герберт БредлиЖан-Поль СартрГанс Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф ШеллингСөрен КиркегардАртур ШопенгауерФридрих НицшеМартин ГайдеггерБертран Расселл) бар.

Марксизм мәдениет теориясы. • Марксизм — XIX ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтіксаяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономикасы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р. Оуэн және Сен-Симон) болып табылады.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Бүкіл планеталық тұтастық идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі мәнісін замандар сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының біртұтастығы жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (18831969) белдеулік (осьтік) уакыт ілімі ерекше орын алады.

Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениет түрлерінің өте көптігі және олардың әрқайсысының жеке даралығы әлеуметтік концепция болып табылатын «мәдени-тарихи типтер» теориясының негізін қалады. «Мәдени-тарихи типтер» теориясы сызықтық-еуропоорталықтық тарих концепциясы мен тарихи процестердің эволюционистік түсіндірмесіне қарсы тезис ретінде қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаушы - Н.Я. Данилевский.

Ағылшын тарихшысы және әлеуметтанушысы А.Дж.Тойнби өзінің 12 томдық «Тарихты зерттеу» (1934-1961) еңбегінде адамзат дамуын «өркениеттер» айналымы рухында мазмұндауға ұмтылып, бұл терминді «мәдениеттің» синонимі ретінде қарастырды. Алғашқыда Тойнби тарихты параллельді және жалғасымды дамушы, бір-бірімен генетикалық тұрғыда аз байланыста және көтерілуден құлдырауға, сөнуден өшуге дейінгі кезеңдерді бірдей өтетін «өркениеттер» жиынтығы ретінде қарастырды.

Оның ары қарайғы дамуы О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин еңбектерінде өз жалғасын тапты. Осы «мәдени-тарихи типтер» теориясының жақтаушылары Кант, Гегель және Гумбольдтен бастау алған қоғамдық-тарихи мектепке шоғырланды.

Олардың болмыс уақыты

Гегель “Рух феноменологиясында” алғаш рет жекелеген индивидтің санасының дамуы адамзат қоғамының тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Яғни, жеке адамның санасы барлық тарихи кезеңдерде, әр дәуірге тән қайшылықтарды өткізе отырып, қоғамдық сана деңгейіне көтеріледі. Адам санасының қалыптасуы мен даму жолдары адамзаттың тарихымен және оның қоғамдық қарым-қатынастармен тығыз байланысты екенін терең зерттеді.

Марксизмнің мақсаты — қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.

Бұл — шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт.

Жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич Данилевский «Ресей және Еуропа» (1869) атты ерекше еңбегінде О.Шпенглер мен А.Тойнбиден бұрын бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас «мәдени-тарихи типтердің» тіршілік ететіндігі туралы идеяны негіздеген болатын. Олар да биологиялық түрлер сынды табиғи алдын-ала анықталған пайда болу, гүлдену, қартаю және ӛлім стадияларынан өтеді.

Ағылшын тарихшысы және әлеуметтанушысы А.Дж.Тойнби өзінің 12 томдық «Тарихты зерттеу» (1934-1961) еңбегінде адамзат дамуын «өркениеттер» айналымы рухында мазмұндауға ұмтылып, бұл терминді «мәдениеттің» синонимі ретінде қарастырды. Алғашқыда Тойнби тарихты паралелді және жалғасымды дамушы, бір-бірімен генетикалық тұрғыда аз байланыста және көтерілуден құлдырауға, сөнуден өшуге дейінгі кезеңдерді бірдей өтетін «өркениеттер» жиынтығы ретінде қарастырды.

Неміс философы және мәдениет тарихшысы О. Шпенглер «Еуропаның батуы» (1921-1923) атты кітабында тарихты мәдениеттер ауысымы ретінде қарастырады. Онда әрбір мәдениет құдды «ағза» сынды ішкі бірлікпен бітіскен және өзі сияқты басқа «ағзадан» жекеленген. Шпенглер мәдениеттегі жалпыадамзаттық сабақтастықты терістейді.

Олардың ареал жан-жақтылығы

Гегель ілімінің терең мазмұнды ұғымдарының бірі — рух. Гегель рухты адам өмірінің негізі,субстанциясы деп есептейді. Адам өзін рухта ғана, рух арқылы ғана көрсете алады. Рухы биік адам — өз атына лайық адам. Рухы биік халық — өр, өжет, намысқой халық. “Тарих философиясында” Гегель халық рухы оның тілінен, ділінен, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен, көзқарасынан, басқаларға қарым-қатынасынан көрінеді деп біледі. Гегель өзінің “Рух феноменологиясы” деген еңбегін, “жаңалықтарға саяхат” деп атады. Ол таным, ақиқат, білімді қайшылықтарға, кедергілерге толы процесс деп білді. Танымның шеті де, шегі де жоқ. Әдетте, таным процесін, ғылым дамуын ол ашқан жаңалықтармен, нәтижелермен өлшеуге тырысады. Құр нәтиже түк те бермейді. Нәтижені (мыс., ақиқатты) оған алып келген жолмен бірге тұтас қарастыру қажет. Яғни, таным процесінің мәні — сыңаржақты, абстракты анықтамалардан нақты жан-жақты, барлық анықтамаларды бойына жия білген қағидаларға қарай өрлеу.

Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстіртін қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі төмен болды. XIX ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демократиялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болтан, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашагы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші эсер еткен фактор — тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірак әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында» пайда болған философиялық сенім тұжырымдады.

Н.Я. Данилевский оның тарихи түрде өзіндік пайда болуын 4 топқа бөледі: діни, мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық. Оның есептеуінше тарих жүрісі мемлекеттілік арқылы «этнографиялық» күйден өркениеттік деңгейге дейінгі жолда бірін-бірі ығыстырып отыратын «мәдени-тарихи типтер» ауысуымен айқындалады. Ғалым біріңғай әлемдік мәдениет тіршілігін теріске шығарды. Оның пікірінше, адамзат тарихы өзіндік жеке дара мәдени-тарихи типтерден құралады және даму сатысы барлық әлемге бірегей, жаппай жүруі тиіс, ал батыс Еуропа тарихи ерекшеліктерінің бар әлемге еш қақысыз көшірілуі дұрыс емес. Мәселен, славяндық мәдени-тарихи типті дамыту және сақтау Ресейдің тарихи міндеті. Батыс Еуропа, Ресей мен славяндыққа кері көзқараста, сондықтанда славян халықтары өздерін жоюға ұмтылған батысқа қарсы күреске дайын болып, мықтап бекінуі тиіс, ол үшін славяндардың басын біріктіру қажет. Н.Я. Данилевскийдің мұндай қызықты ойы мәдени-тарихи типтер концепциясын жасаушы көптеген ғалымдардың назарына ілігіп, біршама талқылау-тартысқа түсті. Кітап автор қайтыс болғанан кейін де оның досы Н. Страховтың қадағалауымен бірнеше рет қайта басылып шықты.

Кейінірек барлық танылған мәдениеттер әлемдік діндермен (христиандық, исламдық, будистік және т.б.) сусынданған деген қорытындыға келіп, бір адамзат «тарих бәйтерегінің» бұтағы іспеттес деген ой айтады. Олардың барлығы бірлікке ұмтылады, себебі олардың әрқайсысы оның бір бөлігі болып есептеледі.

Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға:

  • тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару;
  • мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;

Олардың бөлу негізі

Гегель “Рух феноменологиясы” деген еңбегінің “Әмірші және құл” деген бөлімінде осы екеуінің санасында болатын өзгерістерді түсіндіреді. Құл өз еңбегінің арқасында өседі, жетіледі, сана-сезімі, ар-намысы оянады. Қалыптасқан жағдай оны қанағаттандырмайды. Құл оны өзгертуге тырысады. Әмірші болса, алға басудың орнына кері кетеді. Адамшылығынан айырылып, азып-тоза бастайды. Ақыры әмірші мен құлдың жағдайы (статусы) өзгереді: құл әміршінің әміршісі, әмірші құлдың құлы болады. Бұл процестің негізін Гегель еңбек деп атап көрсетеді. Адамның өсіп-жетілуінде қоршаған ортаның, қоғамдық қатынастардың, мәдениеттің, тәрбиенің ықпалы зор. Осы объективті жағдайды Гегель субстанция деп атайды. “Адам ортаның — жемісі” деген француз материалистерінің қағидасын Гегель сыңаржақты деп қабылдайды.

Мәдениет туралы маркстік тұжырымдардың көпшілігінде бес элемент кездеседі: ¬материализм ¬тарихи конъюнктуралардың басымдылығы ¬еңбек және әлеуметтік тап ¬қоғамдық қатынастарды бұзатын идеологиялар ¬бәсекелес әлеуметтік және саяси мүдделердің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік өзгерістер. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: 1. алғашқы қауымдық, 2. құл иеленушілік, 3. феодалдық, 4. капиталистік және 5. коммунистік формациялардан тұрады.

Осы кезде планетамыздың әр жерінде (ҚытайдаҮндістандаПерсия мен ПалестинадаЕжелгі Грекияда) рухани қопарылыс болып, қазіргі адам типі қалыптасты. «Бұл уақытта, — дейді К. Ясперс одан өрі, — керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лаоцзы өмір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Иранда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлемтуралы өз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Иса пайғамбарлар шықты; ал Грекия — бұл Гомер мен ПарменидГераклитПлатон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты трашктердің уақьггы» 

Өз ойын қорытындылай келе, Н.Я. Данилевский тарихи дамудың бірнеше жалпы тұжырымдарын бес заңға негіздейді.

Дүниежүзілік тарихи даму қозғалыс түрінде локалды мәдени жалпылықтан бірыңғай жалпыадамзаттық мәдениетке қарай жылжып отырады. 8 «өркениетті» айқындаған О.Шпенглерге қарағанда А.Тойнби оларды 20-30-ға дейін санап, ең соңында 13 санына тоқтады. Тарихтың қозғаушы күшін құдіретті «басқарудан» бӛлек, жекелеген жарқын тұлғалар мен «шығармашылық азшылық» құрайды деп есептейді ғалым.                                  

Ол адамзат тарихындағы 8 мәдениетті атап көрсетеді: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, грекримдік, византиялық-исламдық, батысеуропалық және орталық америкадағы майя мәдениеті. Ғалым есебінше орыс-сібір мәдениеті жаңа, келешек санатына кіреді (Шпенглер О. Закат Европы. Очерки морфологии мировой истории.

Өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны болады. 

Олардың зерттеу әдістерімен принциптері

Адамның адам болуы оның өзіне байланысты, өйткені сырттан келген әсерді игеретін — адам. Адам өзін-өзі жасайды. Осы процесті Гегель субстанцияның субъектіге айналу процесі деп атайды. Осыған орай Гегель “Рух феноменологиясында” жеке адамның өсіп-жетілуі ата тектің, қоғамның дамуын қысқарған күйде қайталап отырады деген заңдылықты ашады. Гегельдің негізгі философиялық еңбегі — “Логика ғылымында” жаңа, жанды, мазмұнды әрі өмірмен, тарихпен астасып жатқан логиканың — диалектикалық логиканың негізін қалады. Гегель ілімінше, ойлау категориялары құр атау, схема емес, олардың негізінде нақты өмір, тарих жатыр. Өмірмен бірге ұғымдар да дамып, жетіліп, байи түседі. К. Маркс, Ф. Энгельс, Ленин Гегель диалектикасына ерекше мән беріп зерттеді. Қазақстандық философтар жазып шығарды.

Мәдениеттану (cultural studies) пән ретінде 1960 жж. Стюарт Холл, Ричард Хоггарт, Э.П. Томпсон мен Рэймонд Уильямс есімді ғалымдардың арқасында қалыптасты. Аталған ғалымдар соғыстан кейінгі Ұлыбританиядағы басым гуманитарлық теорияларға қарсы шыққан; олар мәдениеттің әлдеқайда күрделі ұғым екенін және оның дамуын толық түсіну үшін қоғамдағы көптеген элементтерді жан-жақты талдау қажеттігін айтқан. «Мәдениеттану (cultural studies)» терминін Ричард Хоггарт 1964 жылы Ұлыбританияда Бирмингемдегі Қазіргі заманғы мәдени зерттеулер орталығын құрғаннан кейін енгізді. Мәдениеттану (cultural studies) саласындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болып Стюарт Холл есептеледі; ол 1968-1979 жылдар аралығында Бирмингем орталығымен қатар әртүрлі жаңашыл зерттеулер мен байланыстарды басқарды. Бирмингем орталығы мәдениетті оның қалай дамитынын және оны қалай жақсартуға болатынын түсіну мақсатында зерттеді және заманауи мәдениетті сынға алды.

К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсаты» шығармасында ұсынады.

1 заң. Ешқандай терең филологиялық ізденісті тудырмайтын, шығу тектерінің тікелей қатынасы сезіліп тұруы үшін барынша өзара жақын, жеке тілі немесе тілдер тобымен сипатталатын кез-келген тайпа немесе халық қауымдастығы, егер ол өзінің рухани жатырынан тарихи дамуға қабілетті және балалық шақ уақытынан өткен болса, онда өзіндік мәдени-тарихи тип құрады.

2 заң. Өркениеттілік өзіндік мәдени-тарихи типке тән және халық өзіне тиесілі саяси тәуелсіздікті пайдалану үшін пайда болуға және дамуға қабілетті.

3 заң. Бір мәдени-тарихи типтің өркениеттік бастауы басқа типті халыққа берілмейді. Әрбір тип өзі тіршілік кешіп отырған немесе қазіргі заманғы өркениеттің, яғни бөгденің әсерін азды-көпті ала отырып, өзі үшін өзіне жасайды.

4 заң. Өркениет әрбір мәдени-тарихи типке тән, олай болса ол тек әрдайым толығып отыруға, әртүрлілікке және байлыққа қол жеткізеді. Әртүрлі энографиялық элементтер және оны құрайтындар тәуелсіздікті пайдалана отырып, федерация немесе мемлекеттің саяси жүйесін құрмаса бір саяси тұтастықта бола алмайды.

5 заң. Мәдени-тарихи типтердің даму жолы, өсу кезеңінің ұзақтығы белгісіз, бірақ гүлдену және жеміс беру сәтінде салыстырмалы қысқа, олар өмірлік күшін соңғы рет өсім бергенде жоқ етіп жіберетін көпжылдық бірұрықтық өсімдікке жақын.

Олар аталмыш мәдениеттер тастаған ішкі әлеммен рухани қажеттілік «шақыруына» жауап береді, нәтижесінде «жауап» келіп түскен сол немесе басқа қоғам дамуы қамтамасыз етіледі. Аталынған «шығармашылық азшылық» өзінің мистикалық «өмірлік парызын» қарапайым өмірге айналдыруға қабілетсіз және тарих «шақыруына» жауап бере алмаған жағдайда ол өз билігін беделімен емес, қару күшімен көрсететін «мемлекеттік элитаға» айналады. Жатсынған, шеттетілген бұқара халық «ішкі пролетариатқа» айналып ақыр соңында аталмыш өркениетті бүлдіреді, әрине егер ол оған дейін табиғи апаттардан өздігінен құрып кетпесе.

Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропа өркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр. 

Олардың құнды

лықтар жүйесі

Ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы.

 Мәдениеттанудың (cultural studies) алғашқы жақтаушылары негізінен марксистік көзқарасты ұстанды.

Ясперс мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп қарауға болады. Ясперс пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауруөлімкүнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде ашылады.

Ясперстің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) – тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды.

Локалды өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 жылдың өзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын.

Өзінің жұмыстарында нәсілдік пен «еуропаорталықтықты» объективті түрде теріске шығарған Тойнби ұлт-азаттық қозғалыстарға жанашырлықпен қарап барлық халықтар арасындағы өзіндік түсіністікпен ынтымақтастықты жақтады (Тойнби А. Постижение истории. - М.: Прогресс, 1990. - 150 с.).

Локалды өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 жылдың өзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл идея дами түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің «Еуропаның батуы» атты кітабында жарияланды.

...

Скачать:   txt (31.4 Kb)   pdf (194.3 Kb)   docx (203.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club