Мәдениет типологиясы
Автор: bulkunbekdinara • Март 11, 2023 • Реферат • 1,411 Слов (6 Страниц) • 260 Просмотры
«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті»
[pic 1]
Реферат
Пәні: Мәдениеттану
Қабылдаған: Каражанов Нұрсұлтан Серікұлы
Орындаған: Информатика робототехника 1 курс, Булкунбек Динара
Алматы, 2023 жыл
1. Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай. құрылымдар.
2. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде.
3. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов.
4. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер.
5. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде.
6. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері.
1-сұрақ. Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай құрылымдар.
Мәдениет дегініміз – күнделікті тәжірибе адамдар арасындағы қарым- қатыныс пен қарым- қатынас формалары. Мәдениет белгілі бір қоғамға тән білімнің белгілі бір деңгейін болжайды, демек, қоғамның білімдерін, дағдыларын, нормалары мен құндылықтарын игеру процесі
Мәдениеттану пәнінің негізгі ұғымына «мәдениет» ұғымы жатады. Мәдениет араб тілінен «маданият», «медина» қала деген мағынаны білдіреді.Бұл ұғым ең алғаш орта ғасырда пайда болған. Еуропалық дәстүрде «культура» деген термин қолданылды. Культура дегеніміз натура яғни табиғатқа қарсы қойылған ұғым. Бұл әрине ұғымның синтактикалық мәнісін білдіре бермейді.
2. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде.
3.Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов.
Семиотика – ақпаратты және түрлі білгілер жүйелерінің қасиеттерін сақтап философиялық – теориялық тұрғыдан зерттейтін ілім. Семиотикаға табиғи және жасаныды ,оның ішінде ғылыми теорияның тілі, кино , музыка тілі, белгі жүйелерінің барлық түрі табиғат пен қоғамдағы түрлі сигналдар жүйелері енеді. Семиотика тек белгі және білгілер жүйесі туралы ғылым болып кеш қалыптассада, философиялық тұрғыдан жеткілікті түрде пайымдау тарихи тамыры тереңде.
Ғылымда еңбектерде семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:
1) Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым – қатынасты білдіретін синтактика;
2) Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым –қатынасты білдіретін семантика;
3) Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді.
Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика.
Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады
Оның негізін ХІХ ғ. американ философы және логикі Ч.Пирс пен швейцарлық филолог пен антрополог Ф. Де Соссюром салды. Мәдениет семиотика туралы сөз қозғау – мәдениеттің таңбалық құралдарын қарастыруды және осы «құралдар» арқылы құрастырылған ретінде мәдени феномендерді ұғындыруды білдіреді. Мәдениет – бұл ұжымдық интеллект және ұжымдық зерде болып табылады, яғни мәлімдемелерді сақтау мен таратудың және олардың жаңаларын туындаудың дара үстінен механизмі (Ю.М. Лотман). Таңбалар мен таңбалық жүйелер осы механизмнің «құрамдас бөліктерін» құрайды. Осы таңбалардың табиғаты мен мәні неде деген сұраққа жауап беру үшін мәдениетті үш аспектіде қарастыру қажет: біріншісі – артефактілер әлемі ретінде, мәндер әлемі ретінде, таңбалар әлемі ретінде.
...