Дәстүрлі мәдениет
Автор: kerimbayeva99 • Апрель 25, 2019 • Эссе • 582 Слов (3 Страниц) • 1,246 Просмотры
Миф - бұл шындық ретінде қабылданған қиял, жалған, бірақ бұл біреулер үшін шындық, ал енді біреулер үшін жалған. Мифті шындық тұрғысында қабылдаған адамдар ондағы жалғандықты көрмейді, ал оны жалған деп есептейтіндер оларды ешқашан да шындық деп қабылдамайды. Осыларды айқындаған жағдайда ғана мифтік мәнін түсінуге болады. Бертін келе, кейінгі мәдениеттерде көпшілік жағдайда миф, ертегі ретінде қабылданды. Бірақ ертегі миф бола алмайды, өйткені ақиқатты сенімді түрде бейнелеуге тырыспайды. Миф өзінің негізгі мәнінде бар заттардың нақты білімі ретінде қызмет етеді. Мифтерді жасағанда адамдар өздерінің жалған, қиялдарының ақиқаттығына сенеді, олардың түсінігі бойынша ешнәрсені шығармайды және де ойлап таппайды да. Олар үшін әлем қалай өмір сүрсе аңыздарында да дәл солай көрінеді. Олар әртүрлі мифтерді айтып қана қоймайды - сол айтылған мифтік әлем елдерінде өмір сүреді.
Мифтің бізге өте ерте заманнан келіп жеткеніне, оған сол заманына сеніп, кейін қоғам дамуы сананы анғырттық және қарапайым ойларды ажыратып отырғанына қарамастан біз рухани мәдениет теориясын талдауды мифологиядан бастаймыз. Өйткені мифология - рухани мәдениеттің бастауы және де қазіргі заман қоғамдарында да даму денгейіне қарамастан өзіндік өзекті мәселілігін жоя қойған жоқ. Миф тарих саханасынан түспей, мәдениеттің басқа да түрлері мен күні бүгінге дейін қатар өмір сүріп келе жатыр.
Қазақ халқының мифтік аңыздары, түсініктері Мұхтархан Қанидің араб қаріпінен көшірген "Қазақтың көне тарихы» кітабында кеңінен қарастырылған: "Ерте заманда қазақ қауымының ұғымында: жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен- топырақ, су, от және желден (ауадан) жаратылған. Барлық болмыстың өмір сүру тетігі: жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Олардың ойынша: жарық-жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың, бақыттың нышаны; ал қараңғылық - суықтың, түннің, өдімнің, жамандықтың нышаны. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептеген.
Бұрынғы замандағы қазақтың санасында: жаратылыс дүниесі адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ұқсатып топшыланған. Олардың ойлауынша:әлемдегі барлық нәрсе және тіршілік жоқтан бар болып, кішкенеден үлкейіп, бірі-бірінен туып, өсіп-өрбіп отырған. Ерте замандағы қазақ қауымының (жасаған", "жаратқан" деп сиынатын иелері де) бейне бір асқан шебер өнерпаз «ұста адам» бейнесінде болған, Қазақ қауымының жер мен аспан жайындағы аңызында айтылуынша: жер мен аспан алғаш жаралғанда тым кішкене екен.Алғашында "әуе айнадай, жер тебінгідей" ғана болыпты. Ол кезде бүкіл әлем қара түнек тұман ішінде тұрған. Кейін ұзақ замандардың өтуімен жер мен аспан бірте-бірте үлкейіп, бұлардың арасынан күн мен ай туып, қараңғы мен жарық айырылып, адамзат жан-жануарлардың тіршілігі пайда болған екен дейді.
...