Саяси мәдениет
Автор: serikovna • Май 11, 2019 • Эссе • 942 Слов (4 Страниц) • 1,277 Просмотры
Саясат-қоғамдық өмірдің жойылмайтын аспектісі. Ол адамдардың бір-біріне өзара қоятын және талаптар жанжалды болған кезде қайшылықтарды шешу жөніндегі осы күш-жігерден туындайтын, тапшы игіліктерді билікпен бөлу жөніндегі және жалпы мақсаттарға қол жеткізу ісінде қоғам басшылығы жөніндегі талаптардан туындады. Өзінің көптеген салғастырмаларында – шешімдер қабылдау, игіліктерді бөлу, мақсаттар ұсыну, әлеуметтік басшылық, билік іздену, мүдделер бәсекелестігін жүзеге асыру және ықпал ету жөніндегі қызмет түрінде – саясат кез келген қоғамдық топтың ішінде табылуы мүмкін.
Саяси саланы теориялық интерпретациялаудың әртүрлі тәсілдерін талдау оның көп өлшемді сипаты туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Саясат өзара байланысты үш аспектінің бірлігінде болады: 1) қоғамдық өмір саласы ретінде; 2) Әлеуметтік субъектілердің белсенділігінің бір түрі ретінде және 3) әлеуметтік қатынастардың түрі ретінде (индивидалар, шағын топтар арасында).
Саяси мәдениеттің саяси бейбітшілікті түсіну үшін айқын маңыздылығына қарамастан, біздің қоғамтану әдебиетінде ол әлі де тиісті анықтама көрген жоқ. Қазіргі уақытта "саяси мәдениет"ұғымын түсіндіруде пікірлер мен ұстанымдардың кең ауқымы бар. Ол көбінесе адамның білім және мәдени деңгейімен, өзінің саяси ұстанымдарын анық және айқын баяндай білуімен теңестіріледі.
Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады. Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы – Г.Алмонд. Саясат субъектілері өз әлеуметтік мүдделерін іске асыруға әрекет жасағанда, олардың іс-қимылдары ой-сана сүзгісінен өткізілген саясат әлемі турасындағы белгілі бір түсініктерге негізделеді. Бұл түсініктердің мән-мағынасы қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет арқылы, яғни тұрғын халықтың көпшілігіне ортақ саяси құндылықтар жүйесі арқылы анықталады. Басқаша айтқанда, саяси мәдениет саяси іс-қимылдардың бағыт-бағдарын туралап, оларға мән-мағына беріп отырады. Саяси мәдениет деп қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын, саяси құндылықтар, идеалдар, наным-сенімдер, бағыт-бағдарлар, дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтады. Саяси мәдениет жеке тұлғалардың билікпен арақатынасын реттеп, қоғамды белгілі бір ортақ мақсат-мұраттар төңірегінде бірігуге, сөйтіп азаматтық үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетелейді.
Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: «саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз – саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала».
Г.Алмондың мойындағанындай, бұл ұғым сырт қарағанда бірдей болып көрінетін саяси жүйелердің сапалық өзгешеліктерін, яғни іс-әрекеттері нәтижелерінің неліктен әртүрлі болып шығатынын түсіндіруге мүмкіндік береді. Формалдық жағынан біркелкі сияқты саяси жүйелердегі бұл өзгешеліктер саяси мәдениет деңгейіне байланысты болады.
Саяси мәдениеттің қызметтері. Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:
- адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;
- саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;
- саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;
- әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;
- саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.
Нақтылы қоғамда бағдардың қай түрі басымдық танытып отырғанына орай (мысалы, білімдік немесе сенімдік бағдар) саяси мәдениеттің үш типін ажыратуға болады: патриархалдық, бодандық және қатынасу мәдениеті.
Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға (мысалы, белгілі бір әулеттің, тайпаның, рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына) негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Мұндай саяси мәдениет иегерлерінің қоғамның саяси жүйесі туралы түсінігі шамалы, олардың саяси өмірге қатынасы да шектеулі, нақтылы саяси рөл атқаруға деген құлшынысы төмен болмақ.
...