Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның білім, ғылым, мәдениет саласындағы негізгі даму бағыттары

Автор:   •  Ноябрь 12, 2018  •  Реферат  •  2,258 Слов (10 Страниц)  •  6,466 Просмотры

Страница 1 из 10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Реферат

Тақырыбы: Қазақстанның білім, ғылым, мәдениет саласындағы негізгі даму бағыттары

Орындаған: «Экология»  мамандығының

1 курс студенті Кенжебекқызы Д

Тексерген: Қазақстан тарихы мен

әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті.,

т.ғ.к. Нурбековна Р.К

       

Өскемен, 2017

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ

  1. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуы
  1. Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер
  2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
  1. Тәуелсіз Қазақстандағы білім және ғылым реформалары
  1. Білім жүйесінің реформалары
  2. Жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайдағы ғылым

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Мәдениет - халқымыздың ар – иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жиақталған асыл да, ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт – дәстүрі, әдет ғұрпы, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, ғұмыр нәрінің бұлағы.

Ол әдебиетті, өнерді, адамның шығармашылдық, көркемдік, эстетикалық, талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды. «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасында ел мәдениетінің дамуына ерекше серпін беруде.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамытуы үшін ауқымды кеңістікке шығып, идеологиялық қағидалардан еркіндік алды. [5. 315]

Жұмыстың мақсаты: Тәуелсіз қазақ елінің ғылымы мен мәдениетінің даму тарихын талдай отырып, оның теориялық – метедологиялық  негіздерін ашып көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

1. Ұлттық мәдениет түсінігі, оның теориялық мәселелеріне тоқталу;

2. Қазақ халқының мәдениеті мен ғылымын, оның қалыптасу кезеңдерін талдау.

3. Тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшеліктеріне талдау жасау;

4. Ұлттық мәдениеттің дамуындағы кеңес саясатының қайшылықты сипаттарын айшықтау

Жұмыстың зерттелу деңгейі (тарихнамасы): 

  1. Ел тәуелсіздігінің 1991 жылдан осы кезеңгі уақыта шолу жасауда елбасымыз Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысқанда», «Қазақстан жолы» еңбектерін басшылыққа алуға болады.  [5. 335]
  2. Қазақ халқының мәдени өмірін зерттеуде мол мұра қалдырған итальян саяхатшысы Марю Полоның еңбектері дәстүрдің болашағы мен келешегі туралы  жазды,
  3. Венгер ғалымы А. Вамберидің – «Орта Азияға саяхат» (1865) деген еңбегі қазақ халқының мәдениеті туралы көптеген дерек береді.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан және оның әрқайсысы 2 бөлімнен, қорытындыдан құралды.

Жұмыстың әдіснамасы. зерттеу, жинақтау, баяндау.

Нысаны.  Тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениеті мен ғылымы және білімінің тарихтағы алатын орны.

Жұмыстың қысқаша мазмұны.  Жұмыста ерте кезедегі Қазақстан мәдениетә туралы, сонымен қатар, қазіргі мемлекетіміздің мәдениеті, ғылымы мен білімінің даму деңгейі туралы жазылды. « Мәдени мұра» ұлттық даму бағдарламасы туралы мәліметтер енгізілді

  1. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуы
  1. Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.

...

Скачать:   txt (34.8 Kb)   pdf (253.4 Kb)   docx (25.8 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club