Мәдениеттану пәні және оның қоғамдағы орны
Автор: symbat2022 • Март 18, 2022 • Эссе • 485 Слов (2 Страниц) • 406 Просмотры
Елмұратова Сымбат Сәкенқызы
ВНиС 1-топ
Эссе
Мәдениеттану пәні және оның қоғамдағы орны
Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым. Мәдениеттану қоғамды танып білуге маңызды пән. Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттану пәні басқа пәндерменде тығыз байланыста. Олар бір-бірін толықтырып тұратын ғылымдар. Адамзат жаратылысынан мүмкіндіктері мол,ақылды жан және соны тиімді пайдалана білгендіктен қоғамға сай мәдениет құра алды. Егер сол мүмкіншіліктерді қолданбағанда бұл жетістіктерге жетпитін едік.Білімсіз және тәрбиесіз адам мәдениетті бол алмас еді. Ендеше білім мен тәрбие мәдениеттің негізі саналады. Мәдениет адам жасайтынынан немесе жасағанынан тұрады.Мәдениет өзіміз білетіндей екіге бөлінеді. Рухани және материалдық мәдениет. Рухани мәдениет нәтижелері ретінде біз философия, өнер, ғылымды қарастыра аламыз. Ал материалдық мәдениетке ұлттық киімдерді, ұлттық нақыштағы заттарды, технологияларды жатқызамыз. Мәдениет ежелден дамып келе жатыр және даму үстінде, әрі қарай дами береді де.
Қазақ халқы мәдениеті тереңде жатқан мемлекеттердің бірі. Мәдениетті және еліміздің салт-дәстүрін бізге кішкентай кезімізден санамызға құйып келе жатыр. Мәдениетті дәріптеу кішкентай нәрселерден басталады. Мысалыға, бала кезіміздегі үлкендердің айтқан қазақ ертегілері. Ислам дінін ұстанатын мемлекет ретінде құдайға сену және оған табыну тарихымызда жазылған. Сонау тас дәуірінен бастап адамдар жанында құдайлар бар, олар бізді жебеп жүреді деп сенген. Әр нәрсенің өзінің құдайы болған деп ойлаған және пұттарға табынған. Ислам діні Қазақстанға келгелі бері пұттарға табыну қате екенін түсініп бір Аллахқа ғана сену керектігіне көз жеткізді. Негізінен тарихқа көз жүгіртсек ислам діні Ұлы Жібек Жолы арқылы таралған. Жетісу (Қазіргі Алматы) жері Ұлы Жібек Жолының Еуропа шығу үшін маңызды қақпасы болған. Қазіргі кездеде маңызды болып табылады. Сондықтан Қазақ жері мәдениет ошағы болып саналады. Ата-бабамыз жанымен қорғаған жерді бізден талай ұрлағысы келгендерде болған. Бірақ біздің нағыз қазақ азаматтарымыз оны әліде қорғауда.
...