Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Теодолиттік түсіріс мәні және оның негіздемесі

Автор:   •  Сентябрь 11, 2022  •  Реферат  •  3,412 Слов (14 Страниц)  •  863 Просмотры

Страница 1 из 14

[pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет-құрылыс факультеті

Ғимараттар мен имараттарды жобалау кафедрасы

[pic 2]

Инженерлік геодезия         пәнінен

Есептік–графикалық жұмыс №1

          Орындаған: 

                    Тобы: 

  Тексерген: 

Нұр-Сұлтан қаласы

2022 жыл

Мазмұны

1.Теодолиттік түсіріс мәні және оның негіздемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  3

2.Топографиялық план туралы жалпы түсінік   . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

3.Тұйық теодолиттік жүрістің нүкте координаталарын табу. . . . . . . . . . . . . . .  . 4

4.Координаталық тордың құрылысы және теодолиттік жүріс нүктелерінің орналастырылуы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    8

5.Теодолиттік жүрістегі нүктелердің биіктігін есептеу   . . . . . . . . . . . . . . . . . .  11

6.Тахеометриялық түсіру журналын өңдеу  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

7.Тахеометриялық түсіріс нүктелерін салу және топографиялық жоспарды рәсімдеу  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12

8.Шартты белгілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

Қорытынды   . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  16

НҮКТЕЛЕРДІҢ КООРДИНАТАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ  ЖӘНЕ ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІЛІМНІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ   ЖОСПАРЫН ҚҰРУ.

ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЖУРНАЛДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҮСІРУ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ.

1. Теодолиттік түсіріс мәні және оның негіздемесі

Жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын геодезиялық өлшеулер процесі түсіру деп аталады.

Кез-келген түсірілім геодезияның негізгі ережесі бойынша жүзеге асырылады – «жалпыдан жекеге», яғни алдымен негізгі нүктелердің өзара жағдайы анықталады – түсірілім желісі құрылады, содан кейін ситуациялар түсіріледі.

Теодолиттік түсіріс - бұл теодолит көмегімен орындалатын рельефтің көлденең немесе контурлық түсірілімі. Теодолиттік жүрістер — бұл көлденең бұрыштар техникалық теодолиттермен, ал жақтардың ұзындығы болат өлшеуіш таспалармен және рулетка немесе оптикалық дальномерлермен өлшенетін сынған сызықтар жүйесі.​

Теодолиттік жүрістер дәлдік бойынша 1:5000, 1:2000 және 1:1000 жүрістерге бөлінеді. Әдетте теодолиттік жүрістер аймақтың жағдайын суретке түсіру үшін ғана емес, сонымен қатар инженерлік-геодезиялық жұмыстардың басқа түрлеріне геодезиялық негіз болады. Теодолиттік қозғалыстар жоспарлы мемлекеттік геодезиялық торлар мен қоюландыру торларының (сети сгущения)  пункттерінен дамиды.​

Теодолиттік жүрістердің келесідей түрлері бар:

  1. тұйықталған – геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйықталған көп бұрыш.
  2. тұйықталмаған – басы мен аяғы әртүрлі геодезиялық пункттерге байланыстырылған.
  3. аспалы – бір жағы аспалы, жүрісте сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос келеді.
  4. диагональды – тұйықталған теодолиттік жүрістерде нүктелер арасында кедергілер болған кезде қолданылады

Теодолиттік түсірістің орындалу тәртібі:

  1. Координаталарды салу
  2. Теодолиттік жүрістің төбелерін координаталары бойынша белгілеу
  3. Контурларды планға белгілеу
  4. Планды рәсімдеу

2. Топографиялық план туралы жалпы түсінік

          Горизонтальдық жазықтықта жергілікті жердегі учаскенің проекциясын кішірейтілген түрдегі бейнесі топографиялық план деп атайды. Учаскенің тек контурлардың элементтері көрсетіліп жер бедері көрсетілмесе онда оны контурлық план деп атайды. Егер, планда ситуация әрі жер бедері көрсетілген болса, онда ол топографиялық план деп аталады. Белгілі бір картографиялық проекцияда (Гаусс-Крюгердің көлденең цилиндрлік проекциясында) жасалынған, жергілікті жердегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілердің қасиеттері мен орналасуын жоғары дәльдікпен бейнелейтін жалпы географиялық карта топографиялық карта деп аталады.

...

Скачать:   txt (44.3 Kb)   pdf (515.3 Kb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club