Мәдениеттану пәні және қоғамдағы рөлі мен орны
Автор: diiiiiii4 • Февраль 11, 2023 • Реферат • 424 Слов (2 Страниц) • 353 Просмотры
Мәдениеттану пәні және қоғамдағы рөлі мен орны.
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениет сөзі араб тілінен енген. Арабтың маданият сөзі қазақ тіліне аударғанда “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдіреді.
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Мәдениет әр кезде әр елдің ғалымдары әртүрлі түсінік беріп айтады. Жеке өзім мәдениетті адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі деп ойлаймын. Және де заманы мен адамына байланысты жетілу деңгейі қарқынды өзгеріп, өсіп отырады. Анығырақ айта кетсем: мәдениеттің бірнеше түрі бар, сол арқылы даму деңгейі мен өзгерістер күнделікті құбылыстардан ақ айқын байқалады.
Мәдениеттің басқа да түрлері:
- этникалық мәдениет;
- ұлттық мәдениет;
- тіл мәдениеті;
- сөйлеу мәдениеті;
- киіну мәдениеті;
- жазу мәдениеті;
...