Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері

Автор:   •  Март 28, 2023  •  Лабораторная работа  •  5,543 Слов (23 Страниц)  •  321 Просмотры

Страница 1 из 23

Зертханалық сабақтың тақырыптары мен қысқаша

                                     сипаттамалары         

                                 1-жұмыс

        Тақырыбы: Кіріспе. Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері

        Жұмыс жоспары: Сипаттамалы,топографиялық,мүсіндік,функционалдық,динамикалық, жас шамалық,антропологиялық,салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар. Осы салалардың бір бірінен ажырата білу.

        Жұмысқа керек жабдықтар: Адам қаңқасы. Таблица.

        Тақырыпқа қысқаша сипаттама: Адам анатомиясы адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттеумен бірге, олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасын және біртұтастығын дәлелдейді. Анатомия ғылымы сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік, функционалдық, динамикалық, жас шамалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомия деп бірнеше салаларға бөлінеді. Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді: аналитикалық және эксперименталдық.

        Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:

  1. Анатомия человека/под ред. М. Р. Сапина.-М.,2001
  2. Рақышев Адам анатомиясы Алматы. «Білім».1994
  3. Керімбеков Е. Адам анатомиясы. Оқу құралы. Алматы.1988
  4. Курепина М.М.Ожигова А.П., Никитина А.А., Анатомия человека «ВЛАДОС» М.,2005
  5. нұрышев М.Қ. «Адам анатомиясы» Алматы. «Санат» 2006
  6. Сапин М.Р. Билич Г.А. Анатомия человека. М., «Мир и оброзование»,2006
  7. Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. Алматы «мектеп».1984
  8. Демеуов Ж.Д. Байназарова Б. Алиақбарова З.М. Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы. Алматы. «Білім»,1995
  9. Морфология человека/Под.ред. Б.А.Никитюка и В.П.Чтецова.-М.,1989
  10. Словарь анатомических терминов Рақышев А.-Алматы, «Рауан» 1994

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гремияцкий М.А. Анатомия человека. М.,2000
  2. Морфология челоека//Под.ред. Б.А.Никитюка/ М.,1989
  3. Привес М.Г. Лысенков Н.К. Бушкович В.И. «Анатомия человека». 9-е изд. М. Медицина,1985
  4. Курепина М.М. Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас 2-ое изд. М. Просвещение,1979
  5. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека.5-ое изд. М. Медицина, том 1-3 1981
  6. Бобрик И.И. Минаков В.И. Атлас анатомии новорожденного. Киев. 1999
  7. Волкова О.В., Пекарский М.И. Эмбриогенез и возростная гистология внутренных органов человека.-М., 1976

                               

                                      2-жұмыс

        Тақырыбы: «Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасы».

        Жұмыс жоспары: 1. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін,оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалардың ерекшелігін зерттеп,ажырата білу. 2. Көкірек клеткасының құрылысын сипаттап суретін салу. 3. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасының сүйек арқылы байланысымен танысу.

        Жұмысқа керек жабдықтар: Адам қаңқасы,омыртқа жотасы мен жеке омыртқалар. Көкірек клеткасы мен оның жеке сүйектері (қабырғалар мен төс сүйегі). Атластар мен таблицалар: «Қаңқа», «Омыртқа жотасы», «Көкірек клеткасы», «Жеке омыртқалар», «Қабырғалар».

        Тақырыпқа қысқаша сипаттама: Омыртқа жотасы -33-34 омыртқалардан түзілген адам скелетінің негізгі тірегі, оның 24-і жеке, ал қалғаны біріккен жемесе жалған омыртқалар болып саналады. Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді: мойын бөлігі-7, көкірек бөлігі-12, бел бөлігі-5, сегізкөз-5, құйымшақ бөлімі-4-5 омыртқалардан түзілген.

        Көкірек клеткасы алдыңғы жағынан төс сүйегіне, арт жағынан көкірек омыртқаларына жалғасады. Бұл 12 жұп қабырғадан түзілген. Көкірек клеткасының жоғарғы жиегін 1 көкірек омыртқасы, 1 қабырға төс тұтқасы қоршап жатады. Көкірек қуысының төменгі жиегін ХII көкірек омыртқасы, төменгі қабырғалар, шеміршек бөліктері және төстің семсер өсіндісі жиектеп жатады.

...

Скачать:   txt (60.9 Kb)   pdf (197 Kb)   docx (20.2 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club