Ұлы дала
Автор: wonderkz • Сентябрь 25, 2023 • Реферат • 591 Слов (3 Страниц) • 429 Просмотры
Ұлы дала ежелгі дәуірден-ақ тайпалық одақтар мен мемлекеттердің,алпауыт державалардың құрамында болған тарихи жер .Сондықтан,тарих сахынасында үлкен рөл ойнаған ата-бабаларымыздың тарихын білу әрбір ұрпақтың парызы деп ойлаймын.Ең алдымен , Дешті қыпшақ даласында орын тепкен алғашқы мемлекеттіктердің тарихын білген дұрыс!
Әрине,мемлекет болмаса да ,мемлекеттіктің бастауы болған тайпалық одақ құрған сақ тайпаларынан бастауымыз керек.Б.з.д 1 мыңжылдықта сақ тайпалары (Тигрохауда,Хаумаварга, Парадариа)тарих сахнасына келді .Сақ одағы үнді-иран тайпаларының бірігіуінен құрылған.Алтын өңдіруден алдыңғы орында болған.Оны Есік обасынан,Бесшатыр қорымынан білуге болады.Жерлеу қорымдарынан неше түрлі алтын бұйымдар табылған.Ең басты қазына алтын адам.Ежелгі сақ ханзадасы.Сақтар көшпелі өмір салтын ұстанған.Қоғамдық құрылысы:абыздар,жауынгерлер,егіншілер,малшылар.Сол кездегі ұлы Ахеменидтер империясымен әскери қақтығыстарға түсіп,тарих атасы Герадот және тағы басқа грек тарихшылары қаламының майын тамызып скифтердің қандай ержүрек,батыл,ұлы халық болғанын жазған.Соның ішінде Томирис патшайымның Кирдың басын алып:Сен қанға құмартып едің,енді шөлің қансын!,-деген сөзі ерекше жазылған.Тіпті,сақтар парсылармен бірге Марафон шайқастарына қатысқан.”Өлмейтін оң мың “деген жеке ұланға кірген. Император Александр Македонскийдың жер қайыстырған қолын Спитамен бастаған сақтар бірнеше дүркін талқандады.Сақтар туралы Дарий Бехистун жазбаларында тасқа қашап жазған.Сақтарды қазақ даласына келген басқа тайпалар ығыстырды.Олар азияның оңтүстігіне көшіп,бұрыңғы ұлылығын жоғалтты.Кейбір тайпалар жаңа келген тайпалармен араласып кетті.
Усундер(үйсіндер)
Б.з.б 2 ғасырда қытайдан Чегу чен қаласына Чжан Сянь бастаған елшілер келді. Елде 630 мың адам, 188 мың әскер бар,. Үйсін патшасы гуньмо деп аталады деп жазған.Тарих сахнасына Орта Азияның алғашқы мемлекеттік қауымдастығы осылай келді.Астанасы Чегучен немесе Қызыл аңғар.Мемлекет жер жәннаты Жетісуда орналасқан.Елі отырықшы ,кей адамдар жартылай көшпелі салтында жүргізген.Қытай елімен құдандалық қарым қатынас болды.Дипломатия,экономика,тілі,діні,тұрақты әскердің болғандықтан сөзсіз оны алғашқы мемлекеттілік деп атаймыз.Халқы киізбен жабылған дөңгелек жайда тұрған.Шаруашылығына келетін болсақ, темір,мыс,асыл металдар қорытқан және егін шаруашылығымен,малшаруашылығымен,қолөнермен айналысқан.Қоғамда құлдар болған.Бай үйсіндер 4 5 мың жылқы иенген.Үйсін термині “аспан” сөзінен шыққан деген түсінік бар. Үйсін гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені… Аспан Еліне… күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін.Үйсіндерде 3 тік жүйе болған.Оң қанат,сол қанат және орталық қанат..Үйсіндер мемлекеттігі түркі дәуіріне дейін болған және одан кейінде дами берген.Тоныкөк жазбаларынды усун атауы кездеседі және қазіргі ұлы жүздегі үйсіндермен генеалогиялық байланыс бар деп айтуға негіз бар.
...