Ұлы Дала ұғымы
Автор: miras tursyn • Октябрь 7, 2022 • Реферат • 1,689 Слов (7 Страниц) • 5,448 Просмотры
ҰЛЫ ДАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН КӨШПЕЛІ ЖӘНЕ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИ АЙМАҚТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ (Б.З.Д. ІІІ ҒАСЫР – Б.З. ІІ ҒАСЫРЫ).
Ұлы Дала ұғымы – ежелден бері келе жатқан тарих. Ұлы дала ұғымы ең алдымен географиялық орнымызға сипат береді. Сонау жатқан Алтайдан Қара теңізге дейінгі үлкен кең байтақ даланы “Ұлы дала” деп атаған. Бұл ұғым қазіргі күнге дейін жеткен жыр, дастандар, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдар еңбектерінде көп кездеседі. Ұлы дала негізінен Қазақстан жерін қамтыған. Сол себепті Қазақстан бейресми түрінде “Ұлы дала елі” деген атауға лайық.
Ұлы дала көшпелілер өмір тұрмысында негізінде тек қана көшпелі мал шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар отырықшы, жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыс тіршілігі негізінде болған. Дала өркениетінде жер өңдеу, қалалық өмір, қоныстану сияқты шаруашылықтар тарап отырған. Дала өркениетінде Қазақстан жерінде отырықшы және қалалық тұрмыс тіршілігі де ежелден ерекшелінген. Қала мен көшпелі өмір салты өзара байланысып, біртұтас экономикалық жүйе ретінде жұмыс жасаған. Түркі халқы қалаларын Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық сияқты ірі өзендер бойына салған.
Көшпелілер және отырықшылар арасындағы байланыс әр тарихи кезеңде әртүрлі болған. Кейбір ғалымдар отырықшылар мен көшпелілер арасында қақтығыстар, соғыстар көп болған деп санап, көшпелілер мәдениетін төмендетіп көрсетуде. Әрине қақтығыстар, соғыстар арқылы байланыс болды, бірақ сонымен қатар бейбіт мәдени байланыс та орын алды. Мысалы: мал өнімдеріне бай көшпелілер егіншілік өнімдерін, қол өнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар болса мал өнімдерін, қол өнерге қажетті шикізатты көшпелілерден алып, өзара байланыс орнатып отырған. Осындай сауда, айырбас қатынастары көшпелілер мен отырықшылар арасында мәдениетпен бөлісуге мүмкіндік берді. Б.з.д. ІІІ ғ пайда болған ғұн тайпаларынан бастап сонау Үйсін тайпалары кезеңіне дейін мәдени қарым-қатынас дамуы қарқынды жүрген. Ғұндар кезеңінде мәдени байланыс көшпелілердің отырықшыларды жаулап алу әрекетінен болса, Үйсін тайпалары кезеңінде бейбіт, тіпті отырықшы мәдениеті үстемдік орнатуда болды. Яғни, уақыт өте келе қалалық, егіншілік тұрмыс тіршілігі дамыды. Бірақ күш, қару-жарақ бойынша көшпелілер әлде қайда алда болды. Тіпті отырықшы елдерге жылқы малын қолға үйрету, атты әскер түрлері, садақ ату, қылыш, ат-әбзелдерін қолдану көшпелілерден келген. Сонымен қатар отырықшы елдер көшпелілердің киімдеріне електеп, киінген.
Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп нормаларынан орын алды. Қазақстан аумағында ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар – үздіксіздік және сабақтастық. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VIII-III ғғ.) байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аң стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі – жазу пайда болған. Осылайша,сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі
...