Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы даланың жеті қыры

Автор:   •  Февраль 20, 2019  •  Доклад  •  388 Слов (2 Страниц)  •  1,321 Просмотры

Страница 1 из 2

ҰЛЫЛАРЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Баршамызға белгілі 2018 жылдың 20 қарашасы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Мақалада көтерілген мәселелер бүгінгі таңда өзектілігімен құнды және келешек тарих ғылымы үшін тиянақты зерделеуді талап етеді. Сан ғасырлық тарих жолындағы халықтың дүниетанымы, өткені мен бүгіні, келешегіне қатысты Елбасы бірнеше жобаларды алға тартты. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жоба - қазіргі таңдағы тарихи сананы қалыптастыру үшін тарихи тұлғаларымыздың өмірі мен олардың жүріп өткен жолы ерекше. Осы ретте, халқын ынтымақ пен бірліке шақырған хан-сұлтандар мен дана билер, жерін қорғар баһадүр батырлар мен тілін таныта, ділін дамыта білген жыраулар, ұлт азаттығы мен руханияты жолында күрескен ата-бабаларымыздың есімін ұмытпай, олардың әрқайсысына тиісті бағасын беріп, ұлылық та ұтымды ұстанымдарынан нәр алып, игілікті де ізгілікті істерінен дән сеуіп, үлгілі де өнегелі өсім алу ұрпақтар ісі болмақ.

Қазақ даласы – киелі құтты мекен. Ұлы дала Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан, Елбасы Н.Ә. Назарбаев осындай тарихи тұлғаларымыздың жетістіктерін айшықтайтын бірнеше мемлекеттік ауқымды жұмыстардың атқарылу керектігін айтты. Елбасының жазуынша, бірінші атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, екінші, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасау, үшінші, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру мәселелері. Елбасы атаған үш мәселе мемлекет және халық тарапынан зор қолдауға ие.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (96.3 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club