Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Даланың мықты адамы

Автор:   •  Октябрь 19, 2022  •  Эссе  •  626 Слов (3 Страниц)  •  179 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                                                  Ткачева Марина

                                                                                                6 б сынып оқушысы

Эссе

Ұлы Даланың мықты адамы.

Ірі ғалым, қазақ тіл білімнің атасы, түрколог, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын-аудармашы, публицист, өз кезі үшін белгілі қоғам қайраткері, ағартушы –демократ, талантты педагог  Ахмет Байтұрсынов Қостанай облысында дүниеге келіп, біздің жерлесіміз болып саналады. Мен соған қатты мақтан етемін, бірақ  мені ойландаратын сұрақтарым да  бар. Ахмет Байтұрсынов-  ағартушы-ұстаз аудармашы, ақын, ауыз әдебиетінің үлгілерінің жинаушы, әдебиеттанушы  ретінде қандай үлес қосқан?  Неге Ахмет Байтұрсынов ұлттың ұлы ұстазы, көсемі, Ұлы Даланың мықты адамы деп саналады?

Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Қарқаралыда оқытушы болып кезінде патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығады.Зиялылармен қосылып петиция жазады. Сол үшін оны түрмеге жабады.  Он екі жыл айдауда жүреді. Бірақ қанша қиындақтардан өтсе де, ол алған бетінен қайтпады деп санаймын. Менің пікірімше, барлық жастық, саналы өмірін халқын отарлықтан құтқаруға сарп етті. Бас көтеруге, бостандық үшін күресуге шақырды.  Ахмет Байтұрсынов өз ұлтынының ой-санасын оятуды, халқын отаршылдық езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат- жігерін соған арнады.

          Ахмет Байтұрсынов араб графикасында негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.Ол тұңғыш әліппесін, оқулықтарын жазды. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін пайдаланылды.

Ахмет Байтұрсынов шығармашылық үлкен  саласының бірі –поэзия. Ол И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарады. Аудармашы қазақ қоғамындағы қайшылықтарды Крылов мысалдары арқылы көрсетуді мақсат етеді. Ахмет Байтұрсынов Крылов мысалдарының сюжетін дамыта отырып оған қазақ халқының тұрмысына, салтына, мінезі сай жолдар қосты. «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы арқылы сол кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жай – ел бірлігінің жоқ екендегің аса бір күрделі мәселе ретінде көтерген деп  дәлелдеймін.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (62 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club