Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы

Автор:   •  Сентябрь 10, 2021  •  Реферат  •  318 Слов (2 Страниц)  •  1,117 Просмотры

Страница 1 из 2

Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы;

Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) [10] мен Файзулла Ходжаевтардың (1896-1938) еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады.

Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С.Асфендияров (1889-1938) пен М.Тынышбаевтар (1879-1937) болды.

Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.

Бұдан кейін тақырыпқа қатысты зерттеулер біраз уақытқа тоқтап қалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жәдидшілдік, көрінісі мен

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (40.2 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club