Әл Фараби және Абай үндестігі- Ұлы даланың тұтастығы
Автор: uldai.28 • Сентябрь 11, 2020 • Эссе • 544 Слов (3 Страниц) • 982 Просмотры
Эссе
«Әл Фараби және Абай үндестігі- Ұлы даланың тұтастығы»
Өз кезеңінің ұлы ғұламалары, қазақ даласының данышпандары - Әл Фараби бабамыз бен Абай атамыз бүкіл қазақ елі үшін мақтаныш. Олар- он ғасырда бір рет туылатын ұлы ғұламалар.Оларды қандай да бір асыл сөзбен мақтап, мың жерден алғыс айтсақ та, бұның өзі аздық етері белгілі.
Олардың өз елі үшін шыр-пыр болып бәріне де дайын болғандарын ойласам, жүрегім елжіреп, көзімнен еріксіз жас шығады. Бір жағынан ата-бабаларымыздың осыншалықты отансүйгіштік қасиеттері мендегі мақтаныш сезімін оятады.Адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттер,өмір қиыншылықтарын, халықтың азабын өлең-жыр арқылы жеткізіп келешектегі өскелең ұрпақтарына жақсы тәлім-тәрбие беруді көксеп, мақсат еткен ата-бабаларымызға тең келер ешкім жоқ шығар.
Тәлім-тәрбие, білім, даналық сөздерді алғаш болып Фараби бойласа, әрі қарай ізін жалғап, терең бойлап барған Абай болды.Әл-Фараби мен Абай үндестігін, шығармаларының ұқсастықтарын ұзақ уақыт бойы көптеген ғалымдар зерттеген.Олар екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыра білді.Менің ойымша, Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру,оларды үндестіру,біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз.
Ал қазіргі таңға оралатын болсам бейбіт аспан астында, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырғандығымызға олардың да үлесі бар.Олар қалдырған ақыл- кеңестерінің арқасында халықтың көзі ашылып, бейбітшілік алуға ұмтылып, сол мақсаттарына жетті.
Биыл Әл-Фараби бабамыздың мың бір жүз елу жылдығы, ал Абай атамыздың жүз жетпіс бес жылдығы.Қазақ халқы оларды үлкен мақтанышпен еске алды.Ұлы данышпан ата- бабаларымызға қазақ халқының алғысы шексіз. Екі ғұламаның арасындағы үндестік әр уақытта да жалғасын таба береді.М.Әуезовтің “Абайдың даналық дариясының бастауында үш көзі бар – олар: бірінші қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті-өнері, екіншісі орыс мәдениеті, сол арқылы Батыс мәдениеті, үшіншісі араб мәдениеті. Мәдениеттің үшінші көзі- кейінгілердің ісі болады-дағы”,-деген екен.Соның дәлелі ретінде, «Ғақлия – нақлия», «ғаламның сәнді сәйкес жарастығы», «ғылым құдіреті», «жүрек таразысы – инсаф», «өмірдің өзі шындық» тәрізді қағидалар Әл-Фараби еңбегінен бастау алып, Абай шығармашылығында да өріс алған. «Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы – Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек..Олай болса,болашақта да қос ғұламаның еңбектерінің талай құпия сырлары мен қырларының үндестіктері әлемге жария болатынына нық сенемін.
...