Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өркениет ұғымын айқындау кретилерін пайдалана отырып «Ұлы Дала» көшпелі өркениеттердің ерекшеліктерін сипаттау

Автор:   •  Октябрь 31, 2020  •  Реферат  •  2,973 Слов (12 Страниц)  •  2,024 Просмотры

Страница 1 из 12

Өркениет ұғымын айқындау кретилерін пайдалана отырып «Ұлы Дала» көшпелі өркениеттердің ерекшеліктерін сипаттау

Жоспар

I Кіріспе

1.1 Жобаның өзектілігі.

1.2 Жобаның мақсаты.

1.3 Жобаның жаңалығы.

1.4 Зерттеу әдістері.

II Негізгі бөлім

I Тарау. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы.

1.1 Ұлы Даланың маңызды тарихи-мәдени мәні.

1.2 Ұлы Дала көшпелі өркениеттің қайнар көзі.

II Тарау. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті.

Т 1.1 Ерте көшпенділер дәуірі. Сақтар

1.2 Ұлы Далаға енген Түркі тілдес тайпалар

III Қорытынды:

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тарих – араб-парсы сөзі, оның мағынасы - зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылысынан бастап қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп (ертедегі дүние, орта ғасыр, жаңа заман тарихы, т.б.) зерттеуін айтады. Қазақстан тарихы Орталық Азия аумағын ежелден мекендеген қазақ халқының тарихын баяндайды.

Орталық Азия аумағындағы тарихи-мұраны бастапқы жылдарына қарай қарастырсақ, олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

Бірінші кезең. Бүкіл Орталық Азия аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Қара теңіз бен Еділ өңіріндегі Срубная мәдениеті, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан,Тәжікстан аймақтарындағы Андронов мәдениеті және Алтайдан шығысқа қарай созылып жатқан Афанасьев мәдениеттері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады. Ол б.д.д. ІІІ-ІІ мың жылдардағы заман.

Екінші кезең. Б.д.д. І мың жылдықта арийлер тарихы– Сақ, Савромат, Киммер патшалықтарымен ауысады.

Үшінші кезең – Б.д.д. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысы мен біздің дәуіріміздегі шамамен V-ші ғасыр аралығында Арғы Ғұн, Үйсін, Қаңлы, 7 Кушан мемлекеттері орын алады. Ежелгі ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай-мәңгілік ана.

Жобаның өзектілігі:

Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады.

Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8, кейде 36 өркениет ошағына жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық тұрпат саналатын көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дəйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның əлемдік өркениетке қосқан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде əділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...

...

Скачать:   txt (45.4 Kb)   pdf (965.9 Kb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club