Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бірінші орыс революциясы.Ұлы дала еліне ықпал

Автор:   •  Сентябрь 7, 2020  •  Контрольная работа  •  1,001 Слов (5 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 5

                           Бірінші орыс революциясы.Ұлы дала еліне ықпал

1905-1907 жылдар аралығында Ресейде бірінші орыс революциясы болды. Қазакстанда өкіметке қарсы қарулы қақтығыс болмады, дегенмен жұмысшылардың кішігірім көтерілістері болып турды. Сол жылдары патша үкіметі отаршылдық саясаты күшейе түсті. Ашық көріністерінің бірі, 1905 жылы 9 қаңтарда қарусыз жұмысшыларға оқ атқандықтары. Бұл жағдай халықтың ашу-ызасына тиді. Осы тұста ақын, әрі тарихшы М.Ж. Көпейұлының  "Қанды жексенбі" атты өлеңі жарық көреді. Оны басып шығаруға тыйым салынады және ақынның өзі қуғын-сүргінге ұшырайды.

Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсінуі және зиялы қауымның әрекетке көшуі 1905 жылғы БОР-мен тікелей байланысты.Патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық, оқыған қазақтың азаматтарына ой салды.Осы жағдайда метрополия мен тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылық байқалады. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына шығу болса, біздің ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты дербестікті жаңғырту,басқа елдермен тең кұқықты өркендету болды. Яғни біз үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мәселесі тұрды. 

Осы бір қиын уақытта ұлт зиялылары еліміздің көзін ашып, жарқын болашаққа бағыттай бастады.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Ж. Досмұхамедовтер саяси күреске кірісті. Зиялыларымыз патша үкіметінің өктемдік саясатын әшкерелеп, белсенді түрде, батыл қадамдар арқылы қарсылық көрсете бастады. Қазақ зиялылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін ел бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Зиялылардың бар қызметі осы мақсатқа арналды. 

1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында делегаттардың съезі өтті. Ондағы мақсат  қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғайтын саяси партия құру. 1906 жылы Семей қаласында қазақтардың съезі шақырылды. Онда дін бостандығы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,қазақ балалары үшін мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақстанға Ресейдің ішкі жағынан шаруаларды қоныс аудару үрдісін шектеу  мәселелері қамтылды.  

Патша үкіметінің сұмдық жоспарлары болған.Қазақ жерін отарлап, орыстандырудан бастап, шоқындыруға дейін жеткізбек болды. Сол мақсатта 1902 жылы Көкшетау қаласына арнайы дін таратушы келеді. Ол тіпті "Тауратты"  қазақ тіліне аударып ала келген. Осылайша қазақ өлкесінде мұсылмандар қозғалысы жиілей бастайды. Мынадай жағдайда мұсылман қайраткерлеріміз тез арада әрекет ете білді. Олар  исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді.  Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен белгілі болды.Әлгі діни қызметкерді Науан хазірет, Ш.Қосшығұлов ж/е басқалары тез арада қуып шыққан. Бұл оқиғадан соң  Науан хазірет пен Ш.Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, қияндағы жатқан Якутияға жер аударуға мәжбүр болған.1903 жылдың көктемінде Ақмола облысы, Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы ІІМ-нің атына мынадай хат жолдаған: «Біздің атам заманнан бері мекендеп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... «Құранымызды», қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз».

 Тағы, молда Құдияр Рыстаевтың 1904 жылы  қазақтарға жолдаған осындай бір хаты Көкшетау уезінің бастығының қолына түскен. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: «Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық». Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалай бастаған: тінту жүргізген, түрмеге қаматқан, жер аудартып, мешіттер мен медреселерді жапқан. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды.

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (75.5 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club