Қазақ елі. Мемлекеттік тіл
Автор: Aidana_ka • Март 17, 2022 • Доклад • 617 Слов (3 Страниц) • 279 Просмотры
Ділдәбек Ажар
109-топ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ елі. Мемлекеттік тіл.
Қазақ елі – әлем мойындаған, тарихы терең, қазыналы, рухы талмас, текті ел. Өзіміз білетіндей тәуелсіз ел болу жолында көптеген қиындықты бастан кешіп, ата-баба жолынан, рухынан таймайтын мықты ел болдық. Соның арқасында төрткүл әлемге танымал болдық. Қазақ деген сөздің өзі қандай?. Тарихы терең, таза ел мен жұртшылық ортасында өскеніме шүкіршілік етемін. Менің елім – қазақ елі, дейтіндей ұстанымым бар және сонымен мақтанамын. Әрине, ел болу біздің ата-бабамыздың төккен қаны мен терінің арқасында болды. Соны біз жадымызда сақтай білсек өте үлкен қуаныш.
Қазақ елі – етегін кең жайған, кең-байтақ өлке. Бұл елдің ең басты мақсаты мен міндеті – Мәңгілік ел болу. Шаңырағы шайқалмаған, бейбіт аспан астында, бейбіт, тәуелсіз өмір кешу. Бұл мақсатқа жету жолы да оңай емес. Кез-келген елдің ел, жер болуы үшін бастапқы міндеттерінің бірі: мемлекеттік тілді аялау, оны жерге таптамай, өзге елдің ырқына көңбей, қадірлеу деп білемін. Қазақ елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол әлемге айқын. Ол тілді Қазақ елінде жүріп, жерге таптап, өз тілімізді ұмытсақ, бұл өте үлкен қайғы – қасіреттің бірі деп білемін. Қазіргі таңда көшеде немесе сауда кешендерінде жүріп, тіптен достарынмен қазақша сөйлессен олар түсінбейді. Қазақ бола тұра қазақ тілін білмейтіндер де аз емес. Бұл бір шетінен қазақ елінің құлдырауы. Егер бұл іс қолға алынбаса тіліміздің өлі тілдер арасына қосылуы да ғажап емес. Осы тұрғыда бір пікір айта өтсем. “Балық басынан шіриді” - дегендей, ең алдымен мемлекеттік тілді бірінші орынға ел басқарушы кісілер, яғни, министр, депутаттар, шенеуніктерден бастаса деп едім. Не болмаса бір заң шығару керек деп ойлаймын. Себебі, қазіргі таңда ел болу үшін бұл өте маңызды. Тіліміз ұмытылып барады. Қазақ елі деген атымызға, затымыз сай болса мен үшін үлкен қуаныш. Әрине, өзге тілді білгеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Дегенмен, өз тілімізді бірінші орынға қою басты міндет.
Қорыта келе: Қаймағы бұзылмаған ел болайық, ағайын! Қазақ елі – Мәңгілік ел болуға тырысайық. Қазақ тілі – мемлекеттік тілді қадір тұтайық дегім келеді. Еліміз аман – жұртымыз тыныш болсын!
Фонетикалық талдау
Мысалға:
Қазақ – 5 әріп, 5 дыбыс.
2 дауысты, а – дауысты, жуан.
3 дауыссыз, қ – дауыссыз,қатаң, з – ұяң.
Елі – 3 дыбыс, 3 әріп.
2 дауысты, е – дауысты, жіңішке, і – жіңішке.
1 дауыссыз, л – дауыссыз, үнді.
Әлем – 4 әріп, 4 дыбыс.
2 дауысты, ә,е – жіңішке.
2 дауыссыз, л,м – үнді.
Мойындаған – 10 әріп, 10 дыбыс.
4 дауысты, о,ы,2а – жуан.
6 дауыссыз, м,й,2н – үнді, д,ғ – ұяң.
Тарихы – 6 әріп, 6 дыбыс.
3 дауысты, а,ы – жуан, и-жіңішке.
3 дауыссыз, т,х – қатаң, р-үнді.
Терең – 5әріп, 5 дыбыс.
2 дауысты, 2е- жіңішке
3 дауыссыз, т-қатаң, р,ң-үнді.
Қазыналы – 8 әріп, 8дыбыс.
4 дауысты, а,ы –жуан
4 дауыссыз , қ –қатаң, з- ұяң, н,л-үнді.
Рухы – 4 әріп, 4 дыбыс.
2 дауысты, у,ы- жуан
2 дауыссыз, х-қатаң, р-үнді.
Талмас – 6 әріп, 6 дыбыс.
2 дауысты, 2а-жуан
4 дауыссыз, т,с –қатаң, л,м –үнді
Текті – 5әріп, 5 дыбыс
2 дауысты, е, і- жуан
...