Мемлекеттік тіл- тәуелсіздік тұғыры
Автор: gulaiimakhmedova • Май 16, 2022 • Эссе • 553 Слов (3 Страниц) • 653 Просмотры
Мемлекеттік тіл- тәуелсіздік тұғыры
Еліміздің әр перзенті тәуелсіздіктің тұғырлы болуын қалайды. Ата-баба аңсаған осы бір қасиетті ұғым туралы айта бастасам, тарих беттерінде өз өрнегін салған оқиғалар еріксіз ойыма оралады. Қиын- қыстау заманда туған тіліміздің құрдымға кетіп қалуына ата-бабаларымыз жол бермеді. Соның арқасында тұғырлы мемлекетке айналдық емес пе! Қай заманда да тілімізге қауіп төнгенін жақсы білеміз. Бабалар арманы мен көптің қалауы болар, тәуелсіздікпен бірге мемлекеттік тіліміз де аяғына тік тұрды. Оған әрине, шүкірлік айтамыз! Енді оны ары қарай өркендету – перзенттік борышымыз. Тәуелсіздігіміздің бірден-бір қазынасы, мемлекеттік тілімізді, бабалар аманаты деп қастерлейміз. Сондықтан елдің мәртебесінің белгісі ретінде асыл тіліміздің тұғырлы болуын естен шығармағанымыз дұрыс.
Біріншіден, тілсіз ұлт болмайтыны белгілі. Әлемде тілі жоқ ұлттар бар. Қандай аянышты! Ал біздің атадан балаға берілген мұра, тіліміз бізбен бірге. Осының өзін үлкен бақытқа балаймын. Менің ойымша, кеудесінде жаны бар әр қазақтың баласы рухани байлығымызды ұрпағына аманаттап жеткізеді деп сенемін. Өйткені, тіл – біздің өткен тарихымыз бен тұрмыс-тіршілігімізден сыр шертетін бірден-бір құрал. Сәрсен Аманжоловтың: «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі», - деген сөзінде терең мағына жатқанын айтқым келеді. Тілі жоқ халықтың жер бетінен жойылып кетуы тез- ақ. Тіл өлсе, онымен бірге ұлт та жойылатынын айтқан Ахмет сынды бабаларымыздың сөздері жадымызда жаңғырып тұруы керек. Тарихтың куәгері, тіліміздің ұзақ жасауын қалаймын. Ол үшін әр отбасында тіл мәселесі биік тұру керек. Сонда ғана мақсатымыз орындалады. Мемлекеттік тіліміз ғұмырлы болады деп ойлаймын.
Екіншіден, елімізде тұратын өзге ұлттар мемлекеттік тілді қастерлеп сыйлау керек және сол тілді меңгеру керек. Неге десеңіз осы елде тұрып жатқандықтан, оның тілін түсіну, сол тілде қарым-қатынас жасау мәдениеттің белгісі деп есептеймін. Мемлекеттік тілде хабар жүргізіп жүрген қаншама тілшілерді білемін. Жеке кәсібін бастап, қарамағындағы адамдармен тек қазақ тілінде ғана сөйлесетін кәсіпкерлерді де теледидардан көзім шалып қалды. Таза қазақ ауылында тұрып, қазақша судай сөйлейтін орыстар, кәрістерді де көріп жүрмін. Соларға қарап риза боламын. Меніңше, елді сыйлаған азамат, қай жерде де сыйлы болады. Тілді құрметтегені үшін де халық арасында құрметке бөленеді. Солай емес пе? Демек, күнделікті қазақ тілінде сөйлесу арқылы да тілді дамыта аламыз.
...