Қазақстанда мемлекеттік меншіктің үлесін төмендету жолдары
Автор: raissova003 • Октябрь 16, 2020 • Эссе • 505 Слов (3 Страниц) • 714 Просмотры
Эссе
Қазақстанда мемлекеттік меншіктің үлесін төмендету жолдары
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, мемлекеттік саясат елдің әлемдік экономикаға тезірек енуіне және нарықтық механизмдерді дамытуға бағытталған. Меншік дегеніміз- кез-келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы және бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қарым-қатынасы болып табылады. Меншіктің экономикалық мазмұны- өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну арқылы көрсетеді.Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген,яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады.Бұл жерде адам-өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде боалды.
Физиократтар мектебінің негізін қалаушы франиуз экономисті Франсуа Канэ (1694-1774 жж.) «Экономикалық кесте» деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын көрсеткен.Ол еңбек өнімділігін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады. Меншіктің пайда болуына қомақты үлесті Уильям Петги, Давид Рикардо және Адам Смит қосты.Олар алғаш рет қоғамның тапқа яғни, жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек-байлықтың атасы, жер- оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін әлі де жоғалтқан жоқ. Француз экономисті Пьер Жозеф Прудон меншікке өзінің көзқарасын «Кедейлік философиясы» деген еңбегінде баяндалған болатын.Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп,капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншікті- бұл ұрлық» деген сөзінің мәні бар. Меншіктің бұндай сипаттамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады.Ал, Коуздың пікірінше кез-келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды,тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады.Тұтас кешенді құқық –міне осы меншіктің мазмұнын қарайды.
Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40% шеңберінде бекітіледі. Жеке меншіктің дамуы XIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы мемлекеттік меншікті басқару саяясатын талдау негізгі 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең 1991-1999 жылдар аралығын қамтиды және нарықтық қатынастардың белсенді дамуымен мемлекеттік меншікті жекешелендіруімен ерекшеленеді. Жекешелендірудің нақты міндеті жай жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен активтерді жеке меншікке беру ғана емес, оларды біртіндеп жаңа бизнеспен жаңа активтерге ауыстыру болды.Қазақстандағы жаппай жекешелендіру корпоративті сектордың пайда болуына және корпоративтік бақылау мен басқарудың ұлттық моделінің дамуына ықпал етті.
Екінші кезең ол 2000-2006 жылдар аралығын қамтиды.Бұл кезең мемлекеттік меншікке қатысты мемлекеттік саясатты тиімді басқаруға көбірек бағытталған.2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы баяндалған, ал 2001-2003 жылдары мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2005 жылға дейін қолданыстағы бағдарламалары қабылданды.
Үшінші кезең 2007 жылы басталады.Осы кезеңдегі мемлекеттік саясаттың бағыттары мен міндеттері тұрғысынан қарастырылуы керек.Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы.Қазақстан халқының жолдауында нақты айқындалған: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы,мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, экономиканың инновациялық дамуы.
Қорыта келе, құқықтық мағынадан қарағанда, мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы: екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорынды сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Ал, екінші бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелдей бөліп беру жолы.
Ал бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.
...