Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер
Автор: ayazhan04 • Ноябрь 15, 2021 • Реферат • 404 Слов (2 Страниц) • 471 Просмотры
«Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер»
Қазақ халқының Ресейге бодан бол¬ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ¬станның Ресейдің отары, қазақтардың этно-демографиялық дамуы отарлық-миграция¬лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса¬тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге¬рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға¬ны¬мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын¬да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол¬түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы¬лық¬ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда¬ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны¬сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
...