Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық бойынша комплаенс қызметтерінің жұмысы әлсіз

Автор:   •  Май 2, 2022  •  Реферат  •  401 Слов (2 Страниц)  •  169 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық бойынша комплаенс қызметтерінің жұмысы әлсіз

Комментарий

Есеналиева Назерке

Соңғы 5 жылда Қазақстанда комплаенс-қызметін енгізу белсенді жүргізіліп жатыр. Қазақстанға инвестиция құюға қызығушылық танытқан кез келген инвестор, алдымен сыбайлас жемқорлық қаупін жою қалай реттелгенін анықтап алады. Осы тұста комплаенс-қызметінің рөлі ерекше. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің дерегі бойынша, елімізде 6 мыңнан астам квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері комплаенс-қызметін енгізген. Соған қарамастан, Қазақстанда комплаенс-қызметтері тамарын жая алмай жатыр. Неліктен?

  Қазақстанда көп жағдайда комплаенс-қызметтер формалды түрде жұмыс істейді. Жұмыс орындарында комплаенс-офицердің кабинеті бар болғанымен, немен айналысатынын біреу білсе, біреу білмейді. Оның негізгі себебі комплаенс-қызметтердің барлығына ортақ жұмыс нұсқаулығы жоқ.

«Біз комплаенс-қызметтердің жұмысына талдау жүргіздік. Өкінішке орай, іс жүзінде  функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға басқа міндеттер жүктелген жағдайлар бар. Яғни, іс жүзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауап беретін комплаенс-офицердің нақты немен айналысатыны туралы түсінік жоқ», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы.

Шара барысында Құқықтың саясатты зерттеу орталығының сарапшысы Татьяна Зинович менің пікірімді бекіте түсті. Оның айтуынша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар мен саясат қабылданғанымен – оқыту, тәуекелдерді бағалау, қызметкерлер арасында сауалнама, мониторинг, мүдделер қайшылығын басқару және қызметкерлерді қорғау бойынша жұмыстары көрінбейді. «Комплаенс-қызметтердің жұмысы көпшілік сынынан кейін немесе аудиторлық есеп жүргізгеннен кейін ғана жақсарады. Шын мәнісінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу керек. Ал біздің жағдайда керісінше, нақты факті тіркелгенде ғана комплаенс жұмысы жанданады» - дейді заңгер.

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (69.3 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club