Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж: құжаттар, статистика, ақпарат деректері бойынша контент-талдау
Автор: aisaulesh • Октябрь 23, 2021 • Эссе • 379 Слов (2 Страниц) • 883 Просмотры
Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж: құжаттар, статистика, ақпарат деректері бойынша контент-талдау
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқы үшін аса қиын тарихи оқиғалардың бірі болды.Қазақ жерінде 1918-1920 жылдары Азамат соғысы болды. Дәл осы соғыс ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізді. Бұрын- соңды болмаған жұт болып, мал қырылды.Қазақ халқы мал арқылы күн көрген халық, ол болмаса қазақтың күні қараңғы. 1921 жылы Республика халқының 1/3 бөлігі аштыққа ұшырады.Аштық әсіресе Қазақстанның батыс облыстарын қамтыды. 1921 жылы қарашада 1 миллион 508 мың адам ашықса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 миллион 303200 адамға жетті. 1922 жылы Батыс Қазақстан халқының 82%-ы аштыққа ұшырады.
Дәл осы кезеңде КСРО Үкіметі салық көлемін арттырып, қой терісі – 1050, жылқы терісі –1200, сиыр терісі –250, құлын терісі –100, елтірі – 80, бұзау терісі – 20, түйе терісі – 5, түйе жүні – 15, қой жүні – 250 пұт салық салынды.Бұл салықтың барлығы Азамат соғысы жылдары салынды, өйткені соғыс кезінде Кеңес Өкіметінің қызыл әскеріне үлкен көлемде азық- түлік қажет болды.1931-1933 жылдары болған аштық жылдарымен салыстырғанда, бұл аштық жылдарында аштықтан қырылған адамдар саны 3-4 есеге аз болды.Және 1931-1933 жылдары болған аштықты Кеңес Үкіметі халықтың жағдайын біліп тұрып, қолдан ұйымдастырды.Ал 1921-1922 жылдары болған аштық жылдарын КСРО арнайы жоспарлап ұйымдастырған жоқ.Соғыс барысында 1919 жылы Азық-түлік салғырты енгізілген соң, халық жаппай міндетті түрде жұмыс жасауына, сауда жасауға,еңбекшілерді жалға алуға тыйым салынған соң, елде экономикалық дағдарыс орын алды.
Менің ойымша, жоғарыдағы басшылар халықтың жағдайын түсініп,алдын- ала бірнеше тиімді шешімдер қабылдағанда, ел ішінде билік үшін талас- тартыс болмай, Азамат соғысы болмағанда бұндай қиын жағдай қазақтың басына келмес еді.Ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын қалпына келтіру мақсатында 1921 жылы Жаңа экономикалық саясат қабылданды.Азық- түлік салғырты, азық- түлік салығына ауысты, еңбек міндеткерлігі жойылды. Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Бұл жағдайды 1931-1933 жылдары болған аштықта Тұрар Рысқұлов пен Бесеудің хатымен салыстыруға болады.Қазақ ұлтының зиялылары үнемі жоғарыдағы билікке халықтың жағдайын шынайы жеткізіп отырды.
...