Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер
Автор: Sertember • Апрель 8, 2020 • Реферат • 821 Слов (4 Страниц) • 6,720 Просмотры
Тапсырма: «Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер».
Қазақ халқының Ресейге бодан бол¬ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ¬станның Ресейдің отары, қазақтардың этно-демографиялық дамуы отарлық-миграция¬лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса¬тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге¬рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға¬ны¬мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын¬да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол¬түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы¬лық¬ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда¬ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны¬сында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақ¬тардың өз елінде біртіндеп, көпші¬лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.
Қазақстанның қазіргі территориясына сай жер аймағында қазақ¬тардың үлесі 81,7% болса, 1917 жылы 58,0 %, 1926 жылы 58,5%, ал 1939 жылы 38,0%-ға дейін төмендеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан халқы да көп шығынға ұшырады, 1,2 млн. азамат Отан қорғауға аттанды, оның жартысынан көбі елге қайта оралмады, 700 мыңнан астам адам тылдағы ауыр жұмысқа шақырылды. Соғыс жылдары тұрғындар арасында өлім-жітім көбейіп, туу азайды. Қазақстанға көптеген халықтар (неміс, чешен, қарашай, және т.б.) күшпен аударылды, Карлаг, Степ¬лаг сияқты жерлердегі тұтқындар көбейді. Соғыстан кейін басталған тың және ты¬ңайған жерлерді игеруге, одақтық маңызы бар өнеркәсіп орындарын салуға және дамытуға 2 млн.-нан астам жұмысшы күші келді. Осының бәрінің салдарынан рес¬публикадағы қазақтардың үлесі (саны 1939 жылы салыстырғанда 467,3 мыңға кө¬бейгеніне қарамастан) 28,9%-ға дейін түсіп кетті, яғни қазақтар өз елінде халықтың азшылығына айналды, ал орыстар, украиндар мен беларустар көпшілік болып шыға келді (олар тиісінше 42,7%, 8,2 % және 1,1% болып, үшеуін қосқанда 52%-ға жетті).1959 жылғы санақ қазақтардың үлесінің ең төменгі
...