Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кітапханатану білім жүйесі

Автор:   •  Декабрь 8, 2020  •  Контрольная работа  •  1,220 Слов (5 Страниц)  •  519 Просмотры

Страница 1 из 5

Күні:08.12.20.

1.Кітапханатану білім жүйесі

2. Библиографиятану білім жүйесі

Кітапханатанудың үлкен бір саласы – кітапханатану ғылымы. Бұл ғылым библиографиятану секілді құжаттык коммуникация жүйесі заңдылықтарын ашып зерттейді. Айырмалары да бар. Кітапханатану колжазба және баспа шығармаларын ел-жұрт боп, қоғам боп пайдалану жолдарын, принціптерін тексерсе, библиографиятану библиографиялық ақпарат мазмұны мен түрлерін саралап пайымдайды.

Кітапханатану іргесі XIX ғасырдың бірінші жартысында қалана бастаған. Неміс кітапханашысы М. Шреттингер 1908-29 жылдары «Опыт исчерпывающего руководства по библиотековедению, или Руководство к успешной деятельности библиотек» деген екі томдык еңбек жазған. Орыс ғалымдарынан Н. А. Рубакин кітапханаларды демократияландыру, өздігінен білім көтеруді жолға қою, окырмандардың талап-тілектерін өтеу ісіне

көп күш жұмсап, көзге түсті. Рубакин кітапханалар саясаттан тыс тұруы керек деп есептеді. Сонысы үшін кеңес дәуірінде катты сынға алынды. Уакыт мәселені Рубакин пайдасына шешіп отыр. Кітапханаларда құпия қор ұстау

ғылым дамуына тұсау болып, зиянға шықты.

Есте болуға тиісті бір дата -1908 жыл. Осы жылы ұйымдаскан Кітапханатану қоғамы 1911 жылы Бүкілресейлік кітапханашылар съезін шақырды, «Библиотекарь» атты журнал шығара бастады. Кітапханатану жөнінде ғылыми әдебиеттен алдымен атайтынымыз;

А. Н. Ванеевтін «Развитие библиотековедческой мысли в СССР» (1980), К. И. Абрамовтын «История библиотечного дела в СССР» (1970), И. М. Фруминнің « Работа с читателями» ( 1970), О. С. Чубарьянның «Общее библиотековедования. (М., 1968), «Библиотековедческие исследования. Методология и методика» (1978) атты енбектері.

Кітапханатанушы ғалым Чубарьян О. С. өзінің «Общее библиотековедение» (М., 1968) атты енбегінде бұл саланын максат-міндеттерін негізінен дұрыс анықтаған.

Кітапхана - коғамдык орын. Ғылым-білім жемісін тергісі келетін жұртгың рухани сусындайтын кайнары. Кітапханатану ғалымы, міне, осы жүйені ел боп пайдаланудың тиімді жолдарын белгілейді. Кітапханатанудың негізгі салалары төмендегідей.

Жалпы кітапханатану кітаптарды коғам боп пайдаланудың жолдарын, кітапхана ісінін қоғамдағы орны мен рөлін, кітаптарды жүйелеп орналастыру және оларды типтендіру принциптерін зерттейді. Оның теориясы мен

методологиясы қоғам алдындағы міндеттерге қарай өзгеріп, жетілдіріліп отырады.

Кітапхана ісі -әлеуметтік құбылыс. Оның қамтитын мәселелері сан алуан. Бұлар -кітап қоры, кітап оқу және оқырман, оқуға басшылық, кітапхана және тәрбие,кітапхана жөне ғылыми-техникалық прогресс, кітапхана

және информация, т.б. Осынын бәрі, сайып келгенде, зиялы қауымның уақытын тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс істеуіне бағытталуы керек.

Үлкен міндеттің бірі - кітап қорын дұрыс калыптастырып ұстай білуде. Кітапханатану ғылымы осы міндеттің бағыт-бағдарын анықтап береді.

Кітапхана қоры - халық, мемлекет игілігі. Елдің ғылыми-информациялық қазынасы. Мұнда кітап және басқа да баспа дүниелері сақталып жинақталады. Соны калай ұйымдастыру керек? Қандай кітап қаншама данадан жинақталуы тиіс? Кітапханатану ғылымының міндеті

осы сауалдарға ғылыми жауап табу. Мұнда кітапхана,типтері, олардың ұлттық сипаты ең алдымен зерттелетін мәселелерге жатады.

Кітапхана қорын қалың оқырман жұртшылықтың пайдалануын жеңілдету мақсатында барша әдебиет каталог, картотекаларға түсіріледі. Ғылым осы істің қыр-сырын ашып, баспа шығармаларын хаттау және жіктеу (классификация) жолдарын шешіп, каталогтарды жасау әдістемесін белгілейді. Каталогтар - кітап қоры құрылымын, мазмұнын ашып беретін кілт. Каталогтар - материалына қарай әлденеше түрге бөлінеді. Систематикалық, жүйелік каталогтары болады. Әдебиет бұларда ғалым-білім салалары бойынша жіктеледі. Тағы бірі -предметтік, пәндік деп аталады. Бұлардағы кітап онын мазмұнында сөз етілетін зат, кұбылыс, объект бойынша сараланады. Ен жиі ұшырасатыны - алфавиттік каталог. Алфавиттік каталогтағы кітапты авторынын аты-жөні бойынша не шығарманын аталымы, такырыбы бойынша тауып алуға болады.

...

Скачать:   txt (18 Kb)   pdf (100.3 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club