Қазіргі білім жүйесі: маңызы мен кері әсері
Автор: Akbota_kaparova • Февраль 14, 2023 • Реферат • 620 Слов (3 Страниц) • 226 Просмотры
Қазіргі білім жүйесі: маңызы мен кері әсері
Қазіргі таңда әлемнің барлық елінде білім берудің бірдей халықаралық жүйесі қалыптасқан. Тек сол ортақ жүйе арқылы орнаған әр елде білім берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол сол елдің мемлекеттік құрылымы мен стратегиясына, ұлттық идеясына, ғылым мен техникадағы ұстанымдары мен әлеуметтік-саяси принциптеріне, қоғамдық қатынастарына қарай ұлттық сипат алады. Яғни, білім жүйесіндегі артықшылық – елде білім берудің ұлттық жүйесін орната алу – алмауымен айқындалады деп түсінемін.
Қазіргі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өте көп өзгерістер енгізілген. Солардың ішінде 12 жылдық білім беру, 3 тілде оқыту, топқа бөліп оқыту, бағалау жүйесі. Бұл өзгерістердің өзіндік маңызы мен кері әсері де бар. Мысалы 12 жылдық білім беру жүйесі дұрыс егер ол сапалы болса. Егер қажетсіз мәліметтер беріліп, білім сапасыз болған жағдайда ол тек уақыт құрту деп есептеймін. Ал 3 тілділікке келетін болсақ, бұл жүйені бұрынғы қалпында қалдыру дұрыс болатын еді. Себебі мектеп табалдырығын енді аттаған оқушы алдымен өз тілін жетік білулері қажет. Тағы айта кететін мәселе бұл қазіргі білім жүйесіндегі бағалау. Қазіргі таңда баллмен есептеу жүйесін тиімді деп есептеймін. Бұл жүйеде де өзіндік шикіліктері болса да білім жүйесіндегі тиімді жаңашылдық.
Сонымен қатар әлем бойынша орын алған індет біздің елімізді де айналып кетпеді. Көптеген салалар, соның ішінде білім беру саласы да қашықтық жұмысқа ауысып, жаңа форматта қызмет ете бастады. Бұл орайда, «заманың түлкі болса, тазы болып шал» демекші, қашықтықтан оқыту форматын да байқап көрдік. Бұл жаңашылдықтың да өзіндік дұрыс және бұрыс жақтары бар. Үйде отырып ақ дайындаласың, әрі уақытыңды тиімді пайдалануға себеп болады. Білім алғысы келетін адамға ешқандай шекара жоқ. Жер шарының басқа бөлігінде өтіп жатқан белгілі профессордың дәрісін үйіңізден шықпай-ақ тыңдау – ғылымдағы үлкен жетістік. Қашықтықтан оқыту үрдісі барлығымыздың жан-жақты болуға, әсіресе сандық сауаттылық қабілетімізді дамытуға үлкен үлесін тигізгені сөзсіз.
...