Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фразеологизм лингвомәдениеттанудын объектiсi ретiнде

Автор:   •  Январь 18, 2022  •  Научная работа  •  1,861 Слов (8 Страниц)  •  291 Просмотры

Страница 1 из 8

ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Арызгулова Гульназ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің магистранты, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қаласы, gulnaz.aruzgulova@mail.ru

Аннотация: Ұлттың тұрмысы, мәдени-танымдық ерекшелігі фразеологизмдерде бекітілген. Мақала фразеологизмдерді лингвомәдениеттанудың негізгі объектісі ретінде қарастырып, оның ұлт мәдениетін сақтаудағы рөлі айқындайды.

Аннотация: Быт, культурно-позновательная специфика народа закреплена в фразеологизмах. Статья рассматривает фразеологизмы как основной объект лингвокультурологии, определяет роль фразеологизмов в сохранении национальной культуры.

Кілт сөздер: фразеологизмдер, лингвомәдениеттану, ұлттық болмыс, мәдени-танымдық ерекшелік, ұлт спецификасы.    

 

Тіл мен мәдениеттің байланысы, оның ұлттық спецификасы туралы  ойлар мен тұжырымдар  ғалымдар тарапынан XIX ғасырда айтыла бастады.  Ең алғаш тіл мен мәдениеттің ажырамас байланысы мен қарым-қатынасын В.Гумбольдт анықтады. Ол тілде дәуір мен ұлттық ерекшеліктің сақталуына қатысты мынандай пікір білдірді: «Особенности времен и народов так тесно переплетаются с языками, что порой языкам незаслуженно приписывают то, что полностью или болшей частью принадлежит эпохам и народом и что языки  лишь сохраняют лишь поневоле»[1,372-б.]. Неміс ғалымы ұңлттық рухты түсіну мен танудағы негізгі кілт тіл деп санайды.

 XX ғасырдың 30-жылдары Бенджамин Ли Уорф Эдуард Сепирдің идеяларына сүйеніп, лингвистикалық детерминизм гипотезасын ұсынып, тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін дамытуға зор үлес қосты. Э.Сепир лингвистикалық ықтимал болжамын былайша тұжырымдайды: «Мы видим, слышим и вообще воспринимаем мир именно так, а не иначе, главным образом благодаря тому, что наш выбор при его интерпретаций предопределяется языковыми привычками нашего общество»[2,382-б.]. Лингвистикалық ықтимал болжамының екінші авторы Б.Сепир: «Мы расчленяем природу в направлении, подсказанном нашим родным языком»[3,7-б.] деп , ұлттардың әлемді танудағы, ондағы ұғымдар мен түсініктерді айқындаудағы  өзгешеліктің негізгі себебі тіл екендігіне тоқталады.

  Осындай пікірлер, ғылымдағы құндылықтардың өзгеруі, лингвистикадағы антропоцентристік және этноценристік парадигмалар лингвомәдениеттану ғылыми пәнінің пайда болуына әсер етті. Тіл білімінде лингвомәдениеттану терминінің пайда болуы В.Н.Телия, В.А.Маслова, В.Г.Костомарова, В.И.Шаклеина, Н.И.Толстой, А.Д.Шмелева зерттеулерімен байланысты. Қазақ тіл білімінде ұлттық рух, тарих, мәдениет пен тілдің байланысы жайлы ойлар Ахмет Байтұрсыновтан бастау алады.  Ол: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл»[4,329-б] деп ұлттылықты сақтаудағы, ұлттық болмыстағы тілдің маңыздылығына токталады. Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінде заттар мен құбылыстар атауларының пайда болуындағы тарихи, діни, этностық факторлардың әсерін айқындайды.[5, 8-б.] Г.Смағұлова, Ж.Манкеева, А.Сейсенова, Қ.Қайырбаева,  Ә.Қайдар, Е.Жанпейісова сынды ғалымдар бұл тұжырымдар мен зерттеулерді әрі қарай жалғастырып дамытты.

 Сонымен лингвомәдениеттану дегеніміз – этникалық топтың ұлттық спецификасының тілдегі көрінісін,тіл мен мәдениет байланысын,ұлттық дүниетаным мен руханиятын зерттеудегі тілдің маңызын қарастыратын ғылыми пән.  Лингвомәдениеттану белгілі бір этностық топтың әлемге деген көзқарасын  әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер, дискурс арқылы зерттейді. Бұл берілген бірліктердің мағынасын, коннотациясын, ассоциациясын, реңкін ұлттық дүниетаным, мәдениетпен байланыста ашуды көздейді.  Бір лингвомәдени бірлік бірнеше семиотикалық жүйелерге ортақ болуы мүмкін.  Мысалы қазақ халқы екі жас үйленбестен бұрын қыз бен жігіттің ата-аналары отау дайындайтын болған.  Отауды бүкіл ауыл болып әсемдеген. Бұл бақыт, береке, ынтымақ қонысы деп саналған. Осыған сай  «үйлену», «отбасын құру» мағынасында отау көтеру тұрақты тіркесі бар. Ел аузында Қорқыт атаның өлімнен қашып, дүниенің қай бұрышына барса да, көрге жолыққаны жөнінде аңыз бар. Осы лингвомәдени бірлік «жаманшылық», «сәтсіздік» мағынасындағы Қорқыттың көрі тұрақты тіркесінде көрініс тапты. Халқымыз аққуды киелі құс деп санап,оны атпаған,сыңарынан айырмаған. Бұл ырым айдындағы аққуды ақылды мерген атпайды,ақ еркесін айдынның атуға қолы батпайды мақалына трансформацияланған.

...

Скачать:   txt (27.8 Kb)   pdf (121.4 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club