Қазақ аңыздарын аударудың лингвомәдениеттанулық ерекшеліктері
Автор: Рысбек Омаров • Март 27, 2018 • Курсовая работа • 35,349 Слов (142 Страниц) • 883 Просмотры
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Аударманың жалпы түсінігі............................................................................5
1.1 Қазақ аңыздарының зерттелуі және олардың аудармалары.............6
1.2 Адамгершілікке тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиетінің мүмкіндіктері.........................................................................................................13
1.3 Қазақ аңыздарының мазмұны мен сипаттық құрылымы..............................................................................................................18
2. Қазақ аңыздарын аударудың лингвомәдениеттанулық ерекшеліктері.......................................................................................................21
2.1 Қазақша аңыздарды ағылшын аударма нұсқасымен салыстыру....23
2.2 Қазақ аңыздарының аудармасындағы лексикалық трансформациялар.................................................................................................41
Қорытынды..........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................51
Қосымша 1. ..........................................................................................................53
Қосымша 2. ..........................................................................................................75
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Аңыздар әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, аңыздардың мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде аңыздар тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, аңыздардың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Аңыздар балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты мәдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тыйым салынған Кеңес дәуіріндегі тақырыптарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Мәселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде танылуға тиісті қазақтың фольклоры жан-жақты тексеріле бастады.
Қазақ ертегілерінің жиналуы мен қатар түгелдей тексеру, зерттеу мәселелеріне А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.О.Әуезов, М.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев ерекше үлес қосса, қазіргі фольклортану ғылымында бұл мәселеге қатысты монография көлемінде тың зерттеулер жасаған академик С.Қасқабасов және профессор Е.Тұрсынов болды. Ең алғаш «ертегілік проза» және «аңыздық проза» деп бөліп, оған жататын жанрлардың түрін анықтап, өзіне тән сипаттама берді.
Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы балалардың тіліндамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейтестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Жұмыстың пәні. Қазақ аңыздарының лингвомәдениеттік аудармасының талдауы.
Жұмыстың мақсаты. Қазақ аңыздарын зерттеу және оның ағылшын тіліне аудармасындағы ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
-түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- аңыздардың түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу жасау;
- қазақ ертегілерінің басқа шетел тілге аударудағы сипатының ерекшеліктерін қарастыру;
- аудармадағы лингвомәдениеттік ерекшеліктерді сипаттау;
Тақырыптың зерттелу деңгейi.Қазақ мифологиясы оның әр түрi сала-сала бойынша азды көптi зерттелген. Ал, шынтуайтына келгенде қазақ мифологиясы туралы зерттеулер теңiзге тамған тамшыдай ғана. Бiрақта, жалпы Қазақ мифологиясы туралы С.Қасқабасов, С.Қондыбаев, Ш.Ыбраев, Н.Мыңжанұлы еңбектерiнде бiршама деректер мен мағлұматтар бар. Аталмыш басылымдарда қазақ мифологиясы жөнiнде кейбiреулерi ғана аталған. Тағы бiр топ зерттеулер Х.Әбiшевтiң еңбектерiнде талданып бағаланған. Және бiр дерек көзi «Әлем халықтарының мифi» атты энциоклопедияда азда болса бiраз деректер келтiрген. Ал, бұл атылмыш еңбектер мен толық қанды қанағаттана аламыз деу жансақтық болады. Ол жерде жалпы қазақ мифологиясы туралы сөз болғанымен, космогониялық әлемi басқа да мифтiк аңыздар туралы деректер қазақ мифологиясына қатысты талдаулар жоқтың қасы.
...