«Күлше қыз» ертегісіндегі антропонимикалық атаулардың қазақ тіліне берілуінің лингвомәдени және прагматикалық аспектілері
Автор: 3414 • Апрель 14, 2018 • Реферат • 1,488 Слов (6 Страниц) • 1,174 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Шетел тілдерінің кәсіби коммуникациясы және аударма ісі
кафедрасы
Тақырыбы: «Күлше қыз» ертегісіндегі антропонимикалық атаулардың қазақ тіліне берілуінің лингвомәдени және прагматикалық аспектілері
Орындаған: «Аударма ісі» мамандығының
3-курс студенті Даулет Сара.
Тексерген: Шенгелбаева Н.Р.
Алматы 2016ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Лингвомәдени және прагматикалық аспектілерің маңызы
- Әлемдік анимацияның классикасы «Күлше-қыз» ертегісі 65 жылдан кейін қазақ тіліне аударылды
- «Күлше қыз» ертегісінің мәтініне талдау және қолданылған аудармашылық трансформациялар
- Қорытынды
Кіріспе
Антропонимика (гр. anthropos - адам, опута ат) — адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердін аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады. Антропонимдердін жиынтығы антропонимия деп аталады. Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі. Дамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен, антикалық Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай: адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты. Үнді елінде бүл жүйе 3 құрамнан тұрады: гороскоптық есімі, жыныстык немесе діни секталық есімі, касталық есімі. Мысалы, Рабиндранат Тагордың есімі: Рабиндра (Күн құдайы), Натх (еркек), Тхакур (жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған. Антропономия есімге қатысты хабарларды: адамның қасиетін, әкесі, руы, отбасымен байланысы, ұлты, кәсібі, қай жерден шыққан т.б. зерттейді. Теориялык антропономия белгілі этнос антропонимдерінің пайда болу, даму зандылыктарын, құрылымын, жүйесін, үлгілерін, тарихи қабаттарын, тілдердің антропонимиялық өзара байланысын қарастырады. Оның зерттеу әдістері ономастиканын басқа түрлеріндегідей (адам есімінін әлеуметгік сипаты, салт-әдет, дін мен моданын ықпалы т.б.). Қолданбалы антропономия есімдерді нормаландыру мәселесін, есімдердін әртілде берілу тәсілдерін зерттейді. Антропонимиялық сөздіктер жасауға, азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) орындарында ат тандауға, есімдердін даулы құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Антропонимия ономастикадан 20 ғасырдың 60—70 жылдарында бөлініп шықты, бірақ олардын бірқатар мәселелері бірге каралады. 60-жылдарға дейін "Антропонимия" термині орнына "ономастика" қолданылып келді. Әйтсе де әлі күнге дейін кейбір антропонимикалық терминдер талқылануда. Көптеген антропонимиялар мәдениет тарихымен, этнографиялық ерекшелік пен мәниет тарихымен анықталады, ал бұл әр халықта аса маңызды болып келеді. Біз антропонимді есімдерді атау деп түсінеміз, өйткені белгілі бір атауларға қолданылатын сөз категориялары бар, бірақ олар тікелей антропонимдер деп есептелмейді. Оларға мысалы, бір топ адамдардың мамандығымен, мекен жайымен, этнографиялық, тілдік және басқа да ерекшеліктерімен, тайпа ішіндегі бөлінетін ру атаулыры, сонымен қатар антропонимдерді білдірмейтін, бірақ олармен бірге жүретін сөз қатарларына байланысты атаулар жатады.
...