Көкжайлау – қорғалатын экобиологиялық объект ретiнде
Автор: altyn80 • Декабрь 12, 2018 • Реферат • 3,106 Слов (13 Страниц) • 510 Просмотры
Мазмұны
Кiрiспе 3
1 Көкжайлау – қорғалатын экобиологиялық объект ретiнде 4
2 Көкжайлаудың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
құқықтық негiздерi 7
3 Көкжайлауды туристiк зонаға айналдырудың экологиялық
қауiп-қатерлерi мен мүмкiншiлiктерi 8
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кiрiспе
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. Экологиялық мәселелер адамзаттың жаһанды проблемалар қатарына жатады.
Табиғатты шынайы түрiнде сақтап қалу немесе инвестициялық жобаға айналдырып қаражат көзiне айналдыру сұрақтары бүкiл әлемнiң қаумдастығына зор мәселеге айналды.
Бiр жағынан инвестициялар, табыс, салық түрiнде мемлекеттiк түсiмдер, жаңа жұмыс орындары, т.с.с. өзектi мәселелер, екiншi жағынан, адамзаттың тiкелей қатысуымен табиғатымздң келбетi өзгерiстке ұшыруда.
Аталған проблема соңғы уақытта елiмiзде аталған мәселеге қатысты туындаған оқиға – Көкжайлау деп аталатын Алматыдағы Iле-Алатау табиғи ұлттық қорғау знасындағы шатқал тағдыры қоғам iшiнде белсендi толқулар туындаған.
Бiздiң зерттеу жұмысымызда мен туындаған мәселенiң құқықтық жағынан реттеу мәселесiн қозғауға тырысамын.
Зерттеу жұмысының мақсаты-Көкжайлаудың құқықтық тәртiбiн зерттеу, оны туристiк аймаққа айналдырудың құқықтық мүмкiншiлiктерiн зерттеу
Мақсатға жету барысында келесi мiндеттер анықталды:
- Көкжайлау – қорғалатын экобиологиялық объект ретiнде
- Көкжайлаудың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң құқықтық негiздерi
- Көкжайлауды туристiк зонаға айналдырудың экологиялық қауiп-қатерлерi мен мүмкiншiлiктерi
1 Көкжайлау – қорғалатын экобиологиялық объект ретiнде
Көкжайлау – Алматы қаласының оңтүстiк шетiнде, Iле Алатауы жотасының солтүстiк бөктерiнде жатқан шатқал. Үстiрт Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiнiң арасында, Құмбел шыңының етегiнде орналасқан. Географиялық координаттары: 43°04′00″ с. е. 77°10′00″ ш. б.
Үстiртте марал, елiк, қабан, қоян, суыр секiлдi жануарларды кездестiруге болады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлардан тек ғана ақтөс сусар ғана бар.
Қар барысы мен тянь-шаньдық қоңыр аюдың кездестiрiлгенi бiр де бiр рет тiркелген емес.
Қар барысы (iлбiс) адам аяғы баспайтын жерлерде мекендеп, көзге көп түсе бермейдi. Негiзiнен барыстар жылы кезеңде жалаң жартастардың арасында мекендейдi.
Тек қысқы кезеңде ғана олар төменiрек түсуi мүмкiн. Бұл аң 4000 метрден 6 000 мметрге дейiнгi үлкен биiктiкте өзiн жақсы сезiнедi (есiңiзде болсын, Көкжайлау үстiртi 2 235 метр биiктiкте орналасқан).
Қазақстанда 130-дан астам қар барысы бар. Көкжайлау үстiртiнде қар барысының iзi ешқашан тiркелген емес. Жалпы алғанда, Iле Алатауы паркiнiң аумағында соңғы жылдары қар барысының 3 рет кездестiрiлгенi тiркелдi – Ақсай филиалының Қаскелең шатқалында және Медеу филиалының Үлкен Алматы өзенiнiң бассейнiнде.
Көкжайлаудың өсiмдiктерi - бұл күңгiртқылқанды шыршалы ормандар мен селдiр тоғайлар, қайыңды және көктеректi-қайыңды жапырақты ормандар, бұталы тоғайлар, альпiлiк және субальпiлiк шалғындықтар, сондай-ақ қыр далалар.
Iле Алатауының тауларында өсiмдiктердiң 5 түрi кең таралған: ағаш, бұталы, шалғындық шөптес, далалық шөптес, төмен жартылай бұталы және жартылай бұталы өсiмдiктер.
Ағаш өсiмдiктерi екi түрден тұрады. Бұл күңгiртқылқанды шыршалы және жапырақты ормандар. Шыршалы ормандар таралу аймағы Тянь-Шань тауларымен шектелген Шренк шыршасы не тянь-шань шыршасы (Piceaschrenkiana) секiлдi реликтi түрлерден құралған. Орманның жоғарғы шекарасында Қазақстан өсiмдiктерiнiң Қызыл кiтабына енгiзiлген жатаған түрлi шырша кездеседi. Жатаған түрi бұл өсiмдiктiң тiк өсетiн өсiмдiк түрлерi үшiн қолайсыз экстремалды жағдайларда өсуге бейiмделгенiн бiлдiредi.
...