Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Автор: kazieva.sholpan • Февраль 19, 2023 • Лекция • 825 Слов (4 Страниц) • 229 Просмотры
“Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру”
«Үйірме жұмыстары – сыныптан тыс жұмыстардың күретамыры». «Қабілет дайын нәрсе емес. Ол тәрбие арқылы дамиды. Қабілетті дамыту, қалыптастырудың алғашқы кезеңі оқу әрекетімен басталып, сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғаса түседі» Қ.О.Бітібаева
Мектепте оқытуда сыныптан тыс жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем-дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті мен дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүред. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ үдерісінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Оқушылар еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізу де, инабаттылық, адамгершілік сияқты биік гуманистік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс жұмыстардың жас ұрпаққа берері , үйретері көп.
Бүгінгі күнде оқытуда білімді оқушылардың санасына жете түсіндіру -
біздің міндетіміз. Дегенмен оқушылардың тек білімді үйреніп қоймай тәрбиелі, мәдениетті, отансүйгіш азамат болуын көздеуіміз керек.
Оқушыны оқыта отырып ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрді кеңінен насихаттап, халқымыздың мәдениетімен таныстыру. Сондықтан халықтық педагогика дәстүрлерін қастерлеп оны оқыту, тәрбиелеу ісіне пайдалануды жөн.
Яғни, мақсатымыз – жас жеткіншектердің әсемдік талғамын, адамгершілік пиғылын, іскерлік қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту арқылы парасатты өмір сүруге баулу.
Педагогика ғылымының білімдік, тәрбиелік мақсаттарын іске асыратын қуатты құрал – балалар сахнасы. ”Сахна” деген ұғым тек сахнада көрсетілетін өмір көріністеріне ғана қолданылмау керек. Өмірдің өзі сахна.
Балалар сахнасын ұйымдастыруымыздың мақсаты, мәні.
Дамытушылық мақсат: оқушылардың оқу кезінде алған
...