Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хирургиялық жұмыстарды ұйымдастыру

Автор:   •  Апрель 20, 2020  •  Практическая работа  •  2,169 Слов (9 Страниц)  •  717 Просмотры

Страница 1 из 9

1 тақырып. Хирургиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Уақыты: 1 сағат.

Сабақтың мақсаты: операциялық манеждер мен қондырғылармен, операциялық жұмысқа дайындықпен, операциялық бөлмені тазалаумен және дезинфекциялаумен, операциялық бөлмедегі жұмыс жүргізу ережесімен танысу.

Материалдық қамтамасыз етілуі:  операциялық манеждер, жануарларды бекемдеуге арналған қондырғылар, жабдықтар мен аппаратуралар, хирургиялық құрал-саймандар.

Әдістемелік нұсқау

1. Операциялық бөлмедегі құралдарды және жабдықтарды жұмысқа дайындау жөніндегі нұсқаулармен танысыныз.

2. Хирургиялық құрал-саймандармен, олардың әр қайсысының неге арналғандығымен және операция жүргізу кезіндегі оларды пайдалану ережесімен танысыныз.

Хирургия жұмыстары үшін, республикалық және облыстық поликлиникаларда, жоғары оқу орындарының клиникаларында және колледжілерінде операциялық, таңғыштық залдар және малдар тұратын стациондар салынуы тиіс. Операциялық және таңғыштық залдары жоқ емдеу мекемелерінде, ауырған малдарға керекті хирургиялық көмекті бір бөлмелі манежде істеуге болады.

Операциялық зал және оның жабдықталуы. Операциялық зал таза және жарық болуы керек. Оның ішкі қабырғалары жұқа жылтыр кірпішпен қаланып немесе ақ, көк, жапырақ түсті сұрғылт майлы бояулармен боялуы керек. еден асфальттан немесе цементтен істеліп, сұйықтар ағып кететін жырасы-тегісі болуы керек. операциялық залда артық ешнәрсе болмауы керек. Оның жабдықталуы мынадай заттардан тұрады (1 сурет): ірі және ұсақ малдардың операциялық столдары, 1...2 құралдар дәрі-дәрмектер қоятын столдан, таңғыш заттар салынған бикстың, табақтың немесе дезинфекциялық ерітінді құйылған шөлмектің астына қоятыннан, айналмалы темір орындықтардан және пайдаланған таңғыштарды салатын шелек немесе шлапшыннан.

Операция жасайтын бөлмеде ылғида тазалық сақтап; күнде еденді, панельдерді жуып, операциялық столдарды және басқа да жабдықтарды дезинфекциялық ерітінділермен сүрту керек. Терезелер әсіресе желді күндері, жабық болуы керек. операциялық бөлме ішіндегі ауаны тазарту үшін, желдеткіштер орнатылады, ал олар жоқ болатын болса, операциондық бөлмені тазалаған кезде, терезелерді ашу керек. Малдарға операцияны істеп, ал жұмыстың аяқ жағында – іріңдіні істеген жақсы. Операция жасалатын бөлмелерді кварц лампаларымен залалсыздандырған жөн.

Операциондық бөлмеге халатпен кіру керек. операция кезінде сөйлеуге, жүруге болмайды. Хирург және оның көмекшілері операция жасау алдында залалсыздандырылған халат, ақ телпек, ауыз-мұрынын жабатын селдір маска кию керек. Ақ телпек ашық жараға тер тамшыларының, шаштың және қайызғақтың, ал маскі ауыз және мұрын қуыстарынан жөтелгенде шығатын тамшыларының түсуінен сақтайды. Маскінің көлемі 15*18 см, 2 ұзындығы 40 см байлайтыны болуы тиіс. Оны бірнеше қабат ылғалды өткізгіш селдірден істейді.

Операциялық бөлме және оның жабдықталуы.

Операциялық залмен бірге, онымен қатынасып тұратын бір немесе екі бөлме болғаны дұрыс. Оның біреуі қоды операцияға дайындауға және құралдарды сақтауға, ал екінші операцияға керекті заттарды залалсыздандыруға пайдаланылады.  Хирургиялық және басқа да жұқпалы емес ауруларды сапалы  емдік және ауруларды болдырмау жұмыстарын жургізу үшін, ветеринарлық қызметі бар әрбір шаруашылықта операциялық залы ауру малдарды  қабылдайтын бөлмесі, емделгеннен  кейін ұстайтын жері  және дәріханасы, ал мал фермаларында ветеринарлық пункт немесе амбулатория болу керек.

Көбінесе мал фермаларында жүздеген малдарға операция істейді. Бұл жағдайда операциондық бөлменің орнына бөлек қондырғы немесе баспана дайындап, оны тазалап, жуып және дезинфекция жасау керек. Ашық, желсіз күндері операцияны ашық аспан астында өткізуге болады. Ол үшін, мал ұстайтын жерлерден, малдардың төсеніштерінен, жолдардан қашық көк орай, тегіс жер керек. Мұндай жағдайда малдарға операцияны ерте, жел көтерілмей тұрғанда бастау керек.

Таңғыш бөлме – операциядан кейінгі кезеңде ауру малдардың жарасын таңып беріп және емдеу үшін, ветеринарлық емдеу орындары мен клиникаларында арнаулы таңғыш бөлме салынады. Оның іші жарық, едені мен қабырғалары жақсы жуылатын болуы керек. таңғыш бөлменің жабдықталуы мынадай затардан тұрады: ірі малдарды бекіту үшін, екі томар ағаштан қатарластырып істелген станоктен, ұсақ малдарды қабылдайтын столдан, құралдарға арналған столшықтардан, таңғыш заттары бар бикстің астына қоятынның, педальдық қол жуғыштан, пайдаланған заттарды тастайтын ыдыстан, құрал-саймандар және дәрілер сақтайтын кебежеден. Таңғыш бөлмеде қол жуатын қол жуғыш, щетка, сабын және қол сүртетін орамал болуы керек.

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (994.4 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club